АЙДАНАНЫ ӨЛТІРІП…
БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында 25 жасар қала тұрғынын айуандықпен өлтірген Александр Бесштановқа үкім шықты. Ол енді өмірінің 13 жыл жарым уақытын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше жағдайлар мекемесінде өтейтін болады.

25 жасар Айдана есімді қала тұрғынын Александр Бесштанов 2 рет ұрып құлатып, буындырып өлтірген. Оқиға өткен жылдың күзінде болған. «Депо» ауданы маңындағы көңіл көтеру орнында танысқан олар бір-бірімен телефон нөмірлерін алмастырады. Осылайша, Александр марқұмды Джангалинская көшесінде тұратын үйіне шақырып, көңіл көтереді. Екеуі де ішімдікке тойып соңы жанжалға ұласады. 40 жастағы Александр Айдананы өлтірген соң заттай айғақтардың көзін жою мақсатында қыздың ұялы телефоны мен киімдерін өртеп, әжетханаға тастайды. Артынша аяқ-қолы мен аузын матап байлап, оны да әжетханаға салып жібереді. Судья Бахыт Ермаханов Бесштановтың үстінен сот ҚР ҚК 99 бабы адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
– Аталған бап бойынша 13 жыл бас бостандығынан шектеу жазасын қолдану және бұрынғы жасаған қылмысы бойынша екі үкімнің жазасын ішнәрі қосу арқылы 13 жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айрылды. Қауіпті қылмыстың қайталануы ҚР 14 бабы бойынша қылмысты қайталау бар. Сондықтан оған қылмыстық атқару жүйесінің төтенше жағдайлар мекемесінде өтейтін болады, – деді судья Ермаханов.
Қылмыскердің жасы 40-та, әйелі мен екі баласы бар. Ал жәбірленуші тарап, шыққан үкіммен келісетіндерін жеткізді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізде болса, Айданаға өткен жылдың қазанында іздеу салынған болатын. Ал оқиға желтоқсан айында анықталған.
Айнұр ҚҰРМАШ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу