8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Тамыз 2019 2900 0
Жалын

«ПАРАСАТТЫЛЫҚ» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ ӨТКІЗІЛДІ

          Елбасы Н.Назарбаев Жастар жылы деп жариялады. Еліміз бойынша «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс жасауда, түрлі акциялар, флэшмобтар, ойын-сауық іс-шаралары өтуде. 19 тамыз күні «Евразия (лагерь)» туристік-сауықтыру кешенінде «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында лагердің тәрбиеленушілері мен ұжымы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – балаларды парасаттылық, адалдық және мейірімділік негіздеріне оқыту болып табылады. Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Сәмет, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Сәлиева және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары З.Ғұмарова қатысты.

Н.Сәмет өз сөзінде балаларды адал, парасатты болуға және тек жақсылық, патриотизм жолымен жүруге кеңес берді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында патриоттық тақпақтар мен әндер айтылып, «Біз адалдықты таңдаймыз!» тақырыбында флэшмоб ұйымдастырылды және шара соңында естелік сурет жасалды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
190 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
416 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
404 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»