ВЕЛОСИПЕДТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ХАНЫМДАР
18 тамыз күні Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауында «КазИИТУ» ғылыми-білім кешені жастарының ұйымдастыруымен «Велосипедтегі цифрлық ханымдар» («Цифровая леди на велосипеде») атты велошеру өткізілді.

Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, халықты, соның ішінде, аруларды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға баулу, халықтың велоспортқа деген қызығушылығын арттыру, мектеп оқушыларының жазғы демалыстарын тиімді өткізу.
Шараға Орал қаласының тұрғындары, қонақтары, студенттер, оқушылар, қатысуға ниет білдірген арулар мен ханымдар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 100-ге жуық болды және олардың жасына шектеу қойылмады. Ең жас қатысушының жасы алты жаста болса, ең үлкен қатысушының жасы 73-те. Велошеруге келген арулар мен ханымдар әр түрлі аксессуарлар тағып, сұлуланып, әсемденіп, велосипедтерін безендіріп келді.
Ерекше стильде келген ханымдар «Ең жас леди», «Ең креативті леди», «Ең көңілді леди», Ең шапшаң велошабандоз» сияқты номинацияларға ие болып, оларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Фотосуреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ




Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу