ЖАҢА 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КАНИКУЛДАР МЕРЗІМІ БЕЛГІЛЕНДІ
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №337 бұйрығы бойынша 2019 – 2020 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мерзімі бекітілді.

Аталмыш бұйрық меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру нысандарының барлығына ортақ. Құжатқа сәйкес оқу жылының басталуы 2019 жылғы 1 қыркүйекке сай келеді. Оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.
Оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері 1-11 (12) сыныптарда күзгі каникул – 7 күнге, нақтырақ айтқанда, 2019 жылғы 28 қазан – 3 қараша аралығына жоспарланған. Қысқы каникул – 2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнді қамтымақ. Ал көктемгі – 2020 жылғы 21 наурыз – 2 сәуір аралығындағы 13 күнге белгіленіп отыр. Жаңа оқу жылында 1-сынып оқушыларына қосымша каникул қарастырылған. Қосымша 7 күндік демалыс 2020 жылдың 3-9 ақпан арылғына белгіленіп отыр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру
Пікір үстеу