«АУЛАДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша халықпен кері байланыс орнату және полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында 16-17 тамыз күндері өңірімізде «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өтуде.

Қала орталығында және барлық аудандарда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдауда. Арнайы жабдықталған автобустарда тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдана алады және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекетік қызметтер туралы ақпарат алып, ішкі істер органдарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндігі бар.
Бүгін Орал қаласы полиция басқармасының бастамасымен «Аулада қабылдау» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындармен кездесу тәуліктің алғашқы жартысында қаланың Ремзауыт ауданы, Ружейников көшесі №12 үй ауласында өтті. Таңертеңгі сағат 09.00-12.00 аралығында басқарманың басшылары, осы аудан тұрғындарына қызмет көрсететін №10 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары мен мектеп инспекторлары №12 үй тұрғындарын, іргелес аула тұрғындарын мазалаған жеке сұрақтарымен қабылдады. Түскі сағат 12.00-ге дейін 11 тұрғынға қабылдау жүргізілді. Бұл мекенжай 5 қабатты, жәйлі пәтерлі үй екен. Полициялардың алдына қабылдауға келген тұрғындардың дені егде жастағы қариялар мен жас аналар, жастар легі де көп болды. Кей тұрғындар кезекке тұрып, рет-ретімен сұрақтарын жолдады. Әсіресе, №10 учаскелік полиция пунктінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Қайрат Тұрсынғалиев тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріп, қайсыбірін патрульдік полиция баталоны бастықтарына жолдады. №12 үй тұрғындары ауладағы бағанның ұшар басына орнатылған бейнебақылау камерасы іске қосылған ба, бұған дейінгі осы аулада орын алған көлік тонау фактілері бейнекамераға жазылмаған, неліктен, көліктердің есігін бұзып, салонын тонаған қылмыскерлер құрықталмайды, қылмыстар ашылды ма, неліктен тәртіп сақшылары себепсіз көшеде көлік тоқтатады, тоқтатқан жағдайда себебін түсіндірмей ме? деген мазмұндағы сұрақтарын қойды. Тәртіп сақшылары үйлерінің алдында демалып отырған қарттармен сөйлесіп, түнгі сағат 23.00-ден кейінгі аула тыныштығы, жасөспірімдер тәрбиесі, үнемі алкоголь ішетіндердің есепке алынғаны туралы сөйлесті.
Ремзауыт ауданында №2, №13, №33 мектептер, №12 А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі, 1 балабақша бар. Бұдан әрі аулада қабылдау акциясы Меңдешов көшесі №11-үй, Затон Чапаев ауданындағы №6/1-үй, Гагарин көшесіндегі №2/1, 2/8, 2/2, Жамбыл көшесіндегі №40/1, 40/2-үй аулаларында жалғасын тапты.

Гүламан Исмағұлова,
Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру
Пікір үстеу