«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды
12 тамызда жаңа оқу жылына дайындық аясында бүкіл ел бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы басталды.

Акцияның мақсаты – балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Акцияны өткізудің орны және кезеңі: республиканың өңірлерінде, 2019 жылғы 12 тамыздан бастап 10 қазанға дейін.
Қатысушылардың сапалық құрамы: мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері және т.б.
Акцияның мазмұны және форматы:
Ұраны – «Қауіпсіз мектеп автобусы үшін».
Республикалық акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға қауіпсіз жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелері туралы ескертпе болуы тиіс.
Акция аясында жоспарланған:
1. Мектептік тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін зерделеу
– автокөліктің техникалық талаптарға сәйкестігін, тахографтардың бар болуы және жарамдылығы туралы мәліметтер, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін, жүргізушілердің құрамын (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеру, қозғалыс схемасының бар болуы;
– мектепке кірме жолдарының қауіпсіздігі (аумақты жарықтандыру, «Балалар» белгісінің бар болуы, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісін және т.б. құру);
– балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында (автобустарда) арнайы жарық (жарық түсіргіш шамшырақшалар) және дыбыс сигналдарының бар болуы;
– мектепке кірме жолдарында, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің маңында қолданыстағы бейнебақылау камераларының бар болуы;
– жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар жүргізу, сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргізушілерінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану;
2. Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
– жол қозғалысы ережелері туралы парақшалар мен брошюралардың таратумен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша қауіпсіздік сабақтары;
– бастауыш сынып оқушылары мен олардың ата-аналары үшін «Жарқын бол!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу. Қозғалыстың жас инспекторларының оқушыларға жарық шағылыстыратын білезіктерді тапсырумен жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы театрландырылған концерт көрсетеді ұйымдастыруы.
– люминесцентті бояуларды (қараңғыда жарықтандыратын) пайдалана отырып суреттер байқауын өткізу;
– кинотеатрларда, қоғамдық көлік салондарында жол қозғалысы ережелері туралы әлеуметтік роликтерді көрсету;
– жол қозғалысы және балаларды тасымалдау ережелерін орындау мәселелері бойынша аймақ тұрғындары арасында сауалнама жүргізу, мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беретін мектептерде сабақтар, дәрістер, ата-аналар жиналыстарын өткізу;
– жол қозғалысының қатысушыларын жолда сақ болуға шақыру бойынша флешмобтар өткізу.
Баршаңызды осы акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері болған жағдайда, оның ішінде мектептерге және үйге қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «сенім» телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 742528.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу