086 және 083 анықтамаларын алу жолы жеңілдетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ең маңызды медициналық анықтамаларды алу процедурасы жеңілдетіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

«Бұдан былай жұмысқа орналасу немесе оқуға тапсыру кезінде медициналық тексеруден өту жеңіл әрі жылдам болады. Ондаған маманның кеңесіне жүгініп, кабинеттен-кабинетке жүгірудің еш негізі жоқ», – деді Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова.
Енді медициналық тексеру тек үш кезеңнен тұрады:
1) учаскелік терапевт-дәрігердің немесе жалпы практика дәрігерінің консультациясы;
2) психиатр-наркологтың консультациясы;
3) флюорография
«Учаскелік дәрігер қандай да бір ауру болуы мүмкін десе ғана күдікті, қосымша басқа дәрігерлердің тексеруіне жібереді. Бірақ көп жағдайда 086У анықтамасы үшін ондаған дәрігердің қарауы мен мөртаңбасының қажеті жоқ», – дейді А.Айыпханова.
Сондай-ақ көлікті басқару құқығын алу кезінде талап етілетін 083 және қаруды алып жүру құқығына қажет 108 анықтамаларын алу үшін медициналық тексеруден өту процесі де өзгереді.
«Біз екі жағдайды қарастыра отырып, жеті дәрігердің орнына үш маманның ғана кеңесі жеткілікті деп таныдық: терапевт, офтальмолог және психиатр-наркологтың консультациясы. Жаңа өзгерістер Әділет министрлігінде тексеріліп, бір немесе үш айдан соң қолданысқа енгізіледі», – деп нақтылады Айнұр Айыпханова.
Дереккөз: BAQ.KZ
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу