1200-ДЕН АСТАМ «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ ГРАНТҚА ТҮСЕ АЛМАДЫ
Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова айтты. «Алтын белгі» иегерлерінің 4600-ден астамы грантқа ілікті. Ал 1200-і грантсыз қалып отыр.

– Биыл конкурсқа 53 785 грант бөлінді. 64 452 адам қатысты. Жалпы орташа конкурс 1 грантқа 1,29 адамды құрады. Барлық иегерді құттықтаймыз. Былтырғы жылмен салыстырғанда грант нәтижелерін 5 күн ерте шығардық», – деді вице-министр.
Биылғы гранттардың басым бөлігі инженерлік, құрылыс және ІТ мамандықтарына берілген.
«Жыл сайын мемлекеттік грантты алу мүмкіндігі ұлғайып отыр. Жалпы грант санының 45% астамы инженерлік, құрылыс, ІТ мамандықтарға бөлінген. 8 мыңнан астам грант педагогикалық мамандықтарға бағытталды. Биыл конкурсқа қатысқан «Алтын белгі» иегерлерінің саны 5800-ден астам болды. Оның ішінде 4600-ден астамы грант алды. Олардың ішінде ең жоғары саны инженерлік, ІТ, педагогикалық, жаратылыстану мамандықтарына болып отыр. Ең жоғары балл дәстүрлі медицина, соның ішінде стоматология, фармация, инженерлік мамандықтар, педагогикалық бағыттың ішінде шет тілінен мұғалімдікке 100-ден жоғары балл көрсетіп отыр, – деді Жақыпова.
Вице-министр арнайы бағдарламалар арқылы грантқа түскендер санын атап өтті.
«Мәңгілік ел жастары» арнайы бағыты бойынша – 5000-нан астам, «Серпін» бағдарламасы аясында тапсырғандар 5000-нан астам грант иеленді.
-Өкінішке қарай, грантқа ілінбеген адамдар да бар. Бірақ біз Үкімет қаулыларына өзгерістер енгіземіз. Содан кейін белгіленген тәртіп бойынша белгіленген бағыттарға гранттың берілуін Республикалық комиссия жалғастырады, – деді вице-министр.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу