СОТ ШЕШІМІН ОРЫНДАМАҒАН 400-ДЕЙ БОРЫШКЕРДІ ЖАУАПҚА ТАРТУ ҰСЫНЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысында 82 жеке сот орындаушысы жұмыс жасайды. Олардың 61-і – Орал қаласында, 21-і аудандарда қызмет атқарады. Қазіргі уақытта жеке сот орындаушыларының өндірісінде барлығы 103 242 атқару құжаттары бар. 29 103-і атқару құжаттары бүгінге орындалды, 74 139 атқару құжаты бойынша жұмыстар жүргізілуде.

БҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Естай Рашқалиевтің айтуынша, биылғы жылдың алғашқы жартысында жеке сот орындаушылары әлеуметтік маңызды санаттар бойынша 229 атқару өндірісін жүргізді. Әділет департаменті тарапынан жеке сот орындаушыларына қатысты 36 жоспарлы және 36 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 12 жеке сот орындаушыға қызметтеріне байланысты «ескерту» берілген.
Қазіргі уақытта жеке сот орындаушыларының өндірісінде 103 242 атқару құжаттары бар. Оның 29 103-і орындалған. 74 139 атқару құжаттары орындалу үстінде.
Нақтырақ айтқанда, жалақы өндіру бойынша өндірісте 106 атқару құжаттары болған. Оның 66-сы орындалса, қалған атқару өндірістерінің саны – 40.
Алимент өндіру бойынша атқару өндірісінде 8 575 атқару құжаттары болған болса, оның 778-сі орындалып, қалған атқару құжаттарының саны – 7 797 атқару құжаттары. Алимент төлемдерін өндірудің мерзімді орындаудағы құжаттардың саны – 4 950.
Мемлекет пайдасына өндіру бойынша ағымдағы жылдың есептік кезеңінде жеке сот орындаушыларының өндірістерінде мәжбүрлеп орындауда – 46 993 атқару құжаттары болды. Оның ішінде мемлекет пайдасына орындалған атқару құжаттарының саны – 17 510, қалған атқару құжаттарының саны – 29 483, оның ішінде 1 698 атқару құжаттары мерзімді орындау сатысында.
Есепті мерзімде Әділет департаментіне жеке сот орындаушыларынан ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру үшін барлығы 430 тұлғаны жауапқа тарту туралы ұсыныс материалдары келіп түскен, Оның 92-не хаттамалар толтырылып, соттарда қаралды. Нәтижесінде 30 борышкерге әкімшілік айыппұл, 48 борышкерге әкімшілік қамаққа алу туралы әкімшілік жазалар қолданылды. 14 борышкерге қатысты істер өндірістен қысқартылып, 292 материал кері қайтарылған. 46 құжат қаралу сатысында.
Сондай-ақ жеке сот орындаушылары алдын ала тергеу органдарына борышкерлерді ҚР Қылмыстық Кодексінің 430-бабы (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) бойынша қылмыстық жазаға тарту үшін 77 ұсыныс жолдаған болатын. Оның 56-сы бойынша борышкерлердің әрекеттерінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты істер өндірістен қысқартылған. 21 материал бойынша тергеу-анықтау органдарында тексерілуде.
Сонымен қатар борышкерлерді ҚР Қылмыстық Кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша қылмыстық жазаға тарту үшін барлығы 132 ұсыныс жолдады. Алайда, 107-сі қысқартылып отыр. Ал 25 материал орындалу үстінде.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу