«ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЛ-КҮЙІ ЭКОЛОГТАРДЫҢ ҒАНА ПРОБЛЕМАСЫ ЕМЕС»
Қоршаған ортаны сауықтыруға ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру – әлем елдерінің алдында тұрған маңызды мәселе. Экономикалық дамуда біртұтас әлеуметтік-экономикалық және экологиялық көзқарас қалыптастыру қажет. Редакциямызға арнайы келген Батыс ан облысының экологиялық қауымдастығының мүшесі, «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің оқытушысы Ерлан Нағымұлы Хұсайынов осы тақырып аясында сұқбат беріп, халықтың экологиялық мәдениетін көтеру жолдары туралы ой бөлісті.

– Ерлан Нағымұлы, соңғы жылдары экология мәселелері туралы жиі айтылып жүр. Экологиямыздың бұзылу себебі неде деп ойлайсыз?
– Алдымен «Экология» деген түсінікке жете мән беруіміз керек. Экология –биологияның ғылыми бір саласы. Зерттеушілер «экология» мамандығын болашақта сұраныстан қалмайтын мамандықтардың тізіміне енгізіп отыр. Өйткені, қоршаған ортаны сақтау мәселелері – бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Кішкентай қалдықтан үлкен қалдық жиналады. Қазақстан экологиясының бұзылуына Кеңес одағы кезінде жүргізілген өндірістік-шаруашылық қызмет пен ғылыми негізсіз жасалған жобалардың ықпалы зор болғаны белгілі жайт. Бұған қазақ даласын ядролық сынақ аймағына айналғанын қосыңыз. Атмосферадағы зиянды қалдықтардың өсуі, жаһандық жылынудың себебінен кәсіби экологтарға сұраныс арта береді.
Ел Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы осыдан берер ай бұрын экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдағанда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне назар аударып, халықтың экологиялық мәдениеттілігін арттыру мәселесін көтерді. Су және өсімдік әлемін қорғау, браконьерлікпен және орманды заңсыз отаумен күрес жүргізуді айрықша бақылауда ұстауды баршаның назарына салды. Адам баласы табиғатсыз өмір сүре алмайды. Таза ауа, су, ауқаттануымыз барлығы табиғаттың сыйы. Біз де оған жауап қайтара білуіміз керек. Табиғатпен етене жақын өмір сүргендіктен, оның байлығын пайдаланумен қатар, табиғат аясын ұрпақтан-ұрпаққа таза күйінде сақтап, аманаттау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау адамзаттың басты міндеті болуы керек. Адамдардың экологиялық мәдениетінің төмендігі қоршаған ортаның ластануына әкеледі.
Жалғасын «Жайық үні-Жизнь города» газетінің №30 санынан оқи аласыздар
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Кіру
Пікір үстеу