8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Шілде 2019 2025 0
Өзек

«KZ-CERT» қызметі интернетте есірткі трафигімен күресуде

«KZ-CERT»  Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі 46 интернет-ресурстардың анықталғаны және олар арқылы Қазақстан Республикасының барлық аумағында ЕСІРТКІ өнімдері сатылған туралы хабарлайды.

Қазақстандық интернет сегментін талдау барысында Қазақстан Республикасының аумағында есірткі заттарын таратқан 46 интернет-ресурс анықталды. Сату Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Петропавл сынды ірі қалаларда және оларға жақын өңірлерде жүзеге асырылған. Мысалы, косметикалық заттарды сататын интернет-дүкендердің бірін де ЕСІРТКІ сатқан. Сонымен қатар, Telegram мессенджерінде жабық топтар анықталды, оған қосылу тек генерацияланған сілтеме бойынша жүзеге асырылады. «KZ-CERT» және құзыретті органдардың бірлескен жұмысының арқасында интернет-ресурстар бүгінгі күні қолжетімсіз болып отыр.

«KZ-CERT» осындай инциденттерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізетін болады. Аалайда, есірткі сатушылар сату құралдарын таңдауда түрлі әдістерге баратынын, сондай-ақ өз қызметтерін жүзеге асыратын жаңа беттерді жасау, ауыстыру тәуекелдері бар екенін назарға алуымыз керек. Сондықтан аталған қызмет балалардың, туған-туыстарымыздың және жақындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ерекше қырағылық танытып, бірлесе жұмыстануға шақырады. Ннтернет-ресурстардың осындай түрі анықталған жағдайда 1400 нөмірі бойынша немесе @kzcert телеграмм тобына хабарлауға болады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»