МӘМС: Алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдар қалай жұмыс істейтін болады?
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне толығымен кіреді және МӘМС жүйесінің енгізілуімен ешқандай өзгерістер болмайды.

Емханалар бұрынғыдай дәрігерді үйге шақыру, балалар және жүкті әйелдер патронажы қызметтерін көрсете береді. 4-санатты жедел жәрдем шақыртулары, жалпы практика дәрігерінде, педиатрда немесе терапевтте бақылану бойынша қызметтерді көрсететін болады.
– Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің көрсетілуі учаскелік дәрігерге бірінші барғаннан-ақ денсаулық сақтауға жолын ашады. Бұл жерде ауруды анықтап, оның алдын алуға баса назар аударылады. Өйткені денсаулықты тексеру үшін адам ең алдымен, өзінің дәрігеріне баруы тиіс. Алғашқы консультативтік-диагностикалық қызметтер міндетті түрде тегін көрсетіледі. Денсаулық жағдайына қарай жалпы тәжірибелі дәрігер диагностика үшін талдаулардың қажетті түрлерін анықтайды және әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізіміне кіретін немесе қарқынды бақылауды талап ететін қандай да бір ауруды анықтаған жағдайда, пациентті міндетті түрде есепке қояды, әрі қарай ол тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі есебінен емделетін болады, – дейді «Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиал директоры Нұржамал Жұмағұлова.
Қордың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта жалпы тәжірибелі дәрігерге 1 700 пациентке дейін тіркелу шегі белгіленген. 2023 жылға жалпы тәжірибелі дәрігерге тіркелген халықтың саны 1500-ден аспайды деп жоспарланып отыр.
Нұржамал Шамғонқызының айтуынша, сапалы қызмет көрсетіп, халықты көбірек қамту үшін және дәрігердің әр пациентке жеткілікті көңіл бөлуіне жағдай жасау үшін емханаларда көбірек учаскелер ашылуы тиіс.
«ӘМСҚ» КеАҚ БҚО бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу