ОРАЛДЫҚТАР БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫС ЖАСАМАЙТЫНЫН АЙТЫП ШАҒЫМДАНДЫ
19-20 шілде күндері Батыс Қазақстан облысының барлық өңірлерінде «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өткізілді. Қала орталығында және барлық аудандарда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдады. Арнайы жабдықталған автобустарда тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдана алды және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекетік қызметтер туралы ақпарат алып, ішкі істер огандарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алды.

Қаладағы «Жеңіс» шағын ауданы №21 үй жанындағы арбат тұсында ұйымдастырылған шарада Орал қаласы полиция басқармасы Д.Қонаев атындағы №6 шағын аудан тұрғындарын мазалаған жеке сұрақтарымен қабылдады. Шағын аудан тұрғындары «Қауіпсіз аула» бағдарламасы негізінде орнатылған бейнебақылау камераларының тозғаны, жөнді қызмет көрсетпейтіні, істен шыққаны, күл-қоқысты көшеге лақтыратын адамдарға тиісінше шара қолдануды. Сондай-ақ 4 шағын аудандағы №20 үй маңайына арақ ішкен, төбелесқұмар жастардың жиналуына жол бермеу, т.б мазмұндағы сауалдарын тастады. 6 шағын ауданы №19 үйге мектеп жақын орналасқан, ал осы тұстағы бейнебақылау камерасының жұмыс жасамауы тұрғындардың көпшілігін толғандырады екен.
Ресейлік нөмір тағып, қала ішінде көлік айдап жүрген жүргізушілерге қатысты сауалдар да тұрғындар тарапынан қалыс қалмады. Орал қ.ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Алтай Құсайынов осы мәселемен келген бес азаматтың сұрағын тіркеп алды және арнайы базадан тексеріп, нақты жауабын 3 жұмыс күні ішінде жолдайтынын жеткізді. 6 шағын аудан №70 үй тұрғындары үй ауласында түннің біраз уақытына дейін шулап, тыныштықты бұзатын жастарға және №12 үй подьезіне көліктерін қасақана тіреп, иін тірестіре тақап қоятын жүргізушілерге шара қолдануды сұрады. Айтуларынша, ауладағы көліктердің көптігінен не жедел жәрдем, не полиция көлігі жақындай алмайды екен.
Көп қабатты жәйлі пәтерлі үй аулаларында азаматтармен еркін сөйлесіп, ой-пікірлерін тыңдау мүмкіндігі «Жаңа орда» шағын ауданы №5 үй қасындағы «Адал» дүкені аумағында да өтті. Осы ауданның №7 үй тұрғындары үй аулалары арасымен көліктердің аса үлкен жылдамдықпен қозғалатындарын, қауіпті бұрылыс жасайтындарын баяндап, полиция қызметкерлерінің жасанды жол өтпесін қондыруға ықпал етулерін өтінді.
Сонымен қатар тұрғындарды қабылдау шаралары №5 және №9 мектеп ауласында ұйымдастырылып, Әбілқайырхан даңғылы бойындағы «Аяжан» сауда үйі төңірегінде жалғасын тапты.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА,
Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері
Соңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру
Пікір үстеу