«ЖАСЫЛ ЕЛ» САРБАЗДАРЫ КӨМЕККЕ КЕЛДІ
Оралда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының екінші тобы жұмысқа кірісті.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған бағдарлама. Биыл облысымыз бойынша 1 175 сарбаз «Жасыл ел» қатарында еңбек етеді. Жасылелдіктердің негізгі жұмысы орман массивтерін қалпына келтіру, қоршаған ортаны сақтау, тал теректерді абаттандыру. Жасақтың облысымыздағы филиалының жетекшісі Аслан Тапишевтің айтуынша, алғашқы ауысымда 338 жас еңбек етсе, екінші ауысымда 618 ұл-қыз «Жасыл елге» қабылданған. Сарбаздардың барлығына арнайы киім берілді. Олардың айлық жалақылары 50-60 мың теңге аралығында.
Қала бойынша 400-дей жас жасақ қатарына тартылған. Олар қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімімен бірге жұмыстанып, ағаштарды кесу, абаттандыру, тиісті мекенді күл-қоқыстан тазарту, қалаға көрік берер гүлдер мен түрлі көшеттерді отырғызу жұмыстарына үлес қосуда. Сондай-ақ «Жәңгір хан» атындағы БҚАТУ 105 сарбазға жұмыс орнын ұсынып отыр.


Бейбарыс СҰЛТАН
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Кіру
Пікір үстеу