8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2019 2012 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДАҒЫ МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНА 18,3 МЛРД. ТЕҢГЕ ТӨЛЕНДІ

МСҚ жыл басынан бері  Батыс Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 18,3  млрд теңге төледі.

 

                                                                                                                    

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 18,3 млрд.теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  (ТМККК) шеңберінде бөлінді.

«2019 жылы 15 шілдедегі мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 18,3   млрд теңге яғни 53,9% төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының проценті», – деді МСҚ –ның БҚО бойынша филиалының директоры Нуржамал Жумагулова. 2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 34,4 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 14,4 % пайыз артық.

«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 51 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 15 жеке меншік клиника да бар.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

«ӘМСҚ» КеАҚ  БҚО бойынша филиалы

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»