ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ОРАЛДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДА БОЛДЫ
Жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев бүгін Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовпен бірге шаһар аумағындағы өндіріс орындарында болды. Сондай-ақ «Атамекен» жазғы демалыс орын-жайының жай-күйімен танысты.

Кезекті сессия жұмысын қорытындылаған Парламент депутаттары жұртшылықтың тыныс-тіршілігмен танысу, мұң-мұқтажын анықтау мақсатымен елдімекендерді аралауда. Есепті мерзімде халық қалаулылары 82 заңды қабылдады. Жұмыс сапары аясында қабылданған заңдардың қолданылуына сараптама жасау, кем-кетігі болса, түзетулер енгізу мәселесі де ескерілетін болады. Бұған дейін аудандарда болып, ауыл аймақтағы ағайынның мәселесіне құлақ түріп, шаруашылықтардың тынысына қаныққан депутаттар Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша Орал қаласының өндіріс орындарын назарға алды. Алдымен индустрияландыру картасы аясында ашылған Орал трансформатор зауытында болып, жұмыс қарқынын бағамдады. Өндіріс орны биыл 9 мың трансформатор шығаруды жоспарлаған. Қазір мұнда 300-дей адам үш ауысыммен жұмыс жасайды. Олардың орташа жасы – 28. Жыл соңына дейін зауытқа қосымша цех салынып, қызметкерлер санын 800-ге дейін арттыру көзделуде.
– Зауыттың болашағы зор. Жұмысшылармен тілдестік. Жалақылары орташа есеппен 170 мың теңге. Зауыт болашақта индустриалдық колледжді сенімгерлік басқаруға алып, өздеріне қажетті кадрларды даярлауды қолға алмақ. Жұмыс орны көбейтіліп, салықтық база ұлғайтылады. Сондай-ақ өнімдерінің 90 пайызы экспортқа шығарылады. Бұл да қуантарлық жағдай, – деген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев зауыттың ел экономикасының ілгерілеуіне сүбелі үлесін тигізіп отырған атап өтті.
Халық қалаулылары жұмыс сапары барысында «Болашақ-Т» ЖШС-ға ат басын тіреп, комбинаттағы жұмыстың толыққанды атқарылып жатқанына көз жеткізді. Қазір мұнда 66 адам жұмыс жасайды. Жұмысшылардың орташа жалақысы – 150-160 мың теңге. Комбинат жылына 50 мың шаршы метр панельді үй материалдарын жинақтау қуаттылығына ие. Биыл компания Орал қаласы бойынша жалпы аумағы 27 мың шаршы метр болатын төрт көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын тәмамдап, тапсырды. Жыл соңына дейін тағы үш үйдің құрылысын аяқтау көзделіп отыр.
Комбинаттағы құрылыс материалдарының 70-80 пайызы отандық өнім. Тек темір сымдарды ғана Ресейден алып отыр. Серіктестік басшысы Асқар Кущанов депутаттарға комбинат қызметін тыныстыра келе, құрылысқа қажетті қиыршық тас Ақтөбеден жеткізілетін болғандықтан, бағасы жол-көліктік тасымалға байланысты екі есе қымбатқа шығатынын жеткізді. Сол себепті комбинаттың құрылыс материалдарының өзіндік құнын түсіруге мүмкіндік болмай тұр.
–Алдағы уақытта комбинат өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен қосымша зауыт құрылысын жалғастырмақ. Өңірде тұрғын-үй құрылысы қарқынды. Оған сұраныс та жоғары. Осы ретте аталмыш комбинаттың септігі мол. Панельді материалдармен дайындалған үй монолитті қаңқалы үйлерге қарағанда тез салынады. Сәйкесінше, халықты тезірек баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Комбинат басшылығының көтеріп отырған мәселесін біз Үкіметке жеткізетін боламыз, – деді сенатор Нариман Төреғалиев.
Сонымен қатар депутаттар «Атамекен» қалалық балалар туризмі және экология орталығында болып, табиғат аясындағы балалар лагерінің тынысымен танысты. Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Асан Нарымбаевтың мәліметінше, биыл оқушылардың 82,2 пайызын жазғы демалыспен қамту жоспарланған. 1500 бала «Атамекен» лагерінде демалады. Олардың 600-і әлеуметтік жағынан аз қамтылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Сондай-ақ «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлері, «Қайсар» патриоттық лагері, қалалық мектептер жанынан жазғы лагерьлер ұйымдастырылуда.




Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу