8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2019 2527 0
Қоғам

ХІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АТАМЕКЕН» ӘН ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Оралда Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың ХІ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі басталды.

Өнер байқауына еліміздің әр түкпірінен және Өзбекстан елінен 29 әнші қатысуда.

– «Атамекен» атты конкурсымыз биыл он бірінші мәрте өтуде.Ең басты конкурстың мақсаты – жас таланттарды шығару, таныту. Шығармашылық еңбек жолыма көз жүгіртсем,  200-ден астам шығарманы дүниеге әкеліппін. Соны жастар орындап, елге таратуда. Бұл да конкурстың бір мақсаты. Биыл қатысушылардың көбейгені қуантты. Ең бастысы – жас өнерпаздарымыздың қызығушылықтары жоғары, – дейді Ескендір Хасанғалиев.

Атамекендегі ән байқауына әнші-композитор жары, сырласы, продюсері Дарико Сопыжанқызымен, ұлы Біржан Хасанғалиевпен және немересі Зеремен келген.

Ән фестивалін облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев ашты.

– 20 жылға жуық уақыттан бері «Атамекен» байқауы үзілмей өткізіліп келеді. Атылмыш конкурс арқылы жас таланттарымыздың есімдері көпке танылды, биік шыңдарға көтерілді. Алла амандығын берсе, келер жылы Ескендір ағамыз 80 жасқа келеді. «Атамекен» әнінің шыққанына 50 жыл толғалы отыр. Қос мерейтойды біздің өңірде жоғары деңгейде атап өту жоспарлануда.

Дәстүрлі байқаудың биылғы ерекшелігі – қатысушылар эстрадалық әндермен қатар романс жанрындағы әндерді орындайды. Әстрада жанрында 18, романс жанры бойынша 11 қатысушы бақ сынамақ.

Әншілердің өнерін Ескендір Хасан­ғалиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Қанатқали Қожақов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Чайков­ский атындағы Алматы музыка­лық колледжінің директоры, Қазақстан Республикасы оқу саласының құрметті қызметкері Бір­жан Хасанғалиев, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Дәурен Сейтжанов пен халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, ІV халық­ар­а­лық «Атамекен» ән фести­валінің бірінші орын иегері, әнші Таңат Жексенбаев бағалайды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»