БҚО-ДА «ҮЗДІК ТАУАРЛАР» КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ
«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы ұйымдастырылып, республикалық байқауға облысымыздың атынан қатысатын үздік кәсіпорындар анықталды. «Атамекен» ҰКП-ның Батыс Қазақстан кәсіпкерлер палатасы ұйтқы болған өңірлік байқауға облысымыздағы 40 кәсіпорын қатысуға ниет білдірген. Олар бүгін қалалық мәдениет және демалыс саябағында өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

Аталмыш байқаудың кәсіпорындар мен олардың тауарларының сапасын арттыруда және халыққа танытуда септігі мол. Осы мақсатпен үздіктер сапына ілігуге ұмтылғандар қатарында бірнеше жылдан бері нарыққа өз өнімдерін ұсынып келе жатқан ірі кәсіпорындармен қатар тың бастамамен кәсіптерін жаңа бастағандары да болды.
БҚО кәсіпкерлік палатасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Мақсотовтың мәліметінше, сегіз кәсіпорын – «Үздік азық-түлік тауарлары», 26 кәсіпорын – «Халық тұтынатын үздік тауарлар», алты кәсіпорын – «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясына қатысуға өтінім білдірген. Алайда, олардың ішінен үздік тоғызы ғана республикалық байқауға жолданады. Байқау-көрмеге қатысушы үміткерлердің өнімдерімен тынысып өткен комиссия өңірдің үздіктерін анықтады. Облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов отандық өндірушілерге ізгі лебізін арнап, жеңімпаздарға салтанатты түрде диплом мен «Қазақстанның үздік тауары» ескерткіш белгісін, сыйлықтарын табыс етті.
Атап айтқанда, «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС – «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша марапатталды.
«Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы бойынша – жиһаз өндірісімен айналысатын «APRIORI», сұйық сабын шығаратын «КаzStepService» ЖШС және арнаулы киімдер тігетін «SaRi Suppliers Plus» ЖШС республикалық кезеңге жолдама алды.
«Үздік азық-түлік өнімдері» номинациясында – «Белес Агро» ЖШС, «Каверина С.В.» және «Талецкий» жеке кәсіпкерліктері үздіктер қатарынан көрінді.
Байқау-көрмеге қатысқан барлық қатысушыларға «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалы атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сондай-ақ салтанатты шарада еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Аяз» ЖШС директорының орынбасары Наригей Жанғазиев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.





Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу