ҚАЗИИТУ ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫС ЕТТІ (фото)
Шілденің 10-ы күні ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінен 2871 түлек бакалавр дәрежесімен өмірге қанат қақты. Білім ордасының Студенттер аллеясында өткен салтанатты шарада «ҚазИИТУ» кешенінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ҰИА облысымыздағы филиалының төрағасы, академик, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ақсерік Әйтімов, қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және оқу орнының серіктестері түлектерді диплом алып, маман иесі атануларымен құттықтады.

Биыл оқу орнын 19 мамандық бойынша 2871 түлек бітірді. Олардың 21-і үздік дипломмен аяқтап отыр. «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов жаңа заман талабына сай білім алып, қанаттарын қомдаған түлектеріне ақ жол тіледі.
– 20 жылдан астам уақыт ішінде мыңдаған түлек осы оқу ордасынан ұшып шықты. Қазіргі облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Иманқұлұлы, қалалық мәслихат хатшысы Аққали Үмбетқалиұлы, облыстық білім саласында еңбек еткен, қазір тіл басқармасында басшылық етіп отырған Айгүл Әділгерейқызы, сондай-ақ үлгілі аудан әкімдерінің бірі Абат Абайұлы – біздің бетке ұстар түлектеріміз. Одан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Алматыда, еліміздің әр түкпірінде, көршілес Ресейде қызмет жасап жүрген түлектеріміз жетерлік. Бүгінгі күні кешенде 14 мыңға жуық студент білім алуда. Бұл арада біз Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен кейінгі екінші орындамыз. Сондықтан біздің ҚазИИТУ-ды таңдап, бізге сенім білдірген студенттерімізге рахмет айтамыз, – деді Ақсерік Сарыұлы.
Шараның құрметті мейманы қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов те түлектерге ізгі лебізін білдірді.
– Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы әрқашан жастарға қолдау көрсетіп, жас мамандардың жұмысқа орналасуына көңіл бөледі. ҚазИИТУ – еліміздің техникалық білім саласының бір флагманы. Әрі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кең бейінді мамандар даярлап отырған өңіріміздегі іргелі оқу орындарының бірі. Бұл оқу орнынан шыққан мамандар қоғамның сұранысында өте көп. Сондықтан ұстаздарыңыздан алған білімдеріңізді үлкен өмірдегі тәжірибеде сәтті қолданасыздар деп сенемін, – деді Бақытжан Хаберұлы.
Салтанатты шараға қатысқан Альметьев мемлекеттік университетінің бірінші проректоры түлектерді диплом алуларымен құттықтап, Альметьевте магистратура бойынша білімдерін тереңдетуге шақырды. Сонымен қатар оқу орнының серіктестері – құрылыс, құқық қорғау саласы мамандары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорциясының өңірлік филиалы, «IT GROUP Kazakhstan» ЖШС, «Advance» оқу орталығының өкілдері түлектерге құттықтау лебіздерін білдірді.
Толығырақ «Жайық үні-Жинзн города» газетінің 2019 жылғы 12 шілде күнгі №27 санында.






Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу