8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Шілде 2019 2043 0
Дені сау ұлт

 МӘМС: Қаражат ең алдымен қандай салаларға жұмсалады және неліктен?

 Қаржы тапшылығы оңалту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, паллиативтік көмек салаларында ерекше байқалады. Бірақ бұл қызметтер МӘМС пакетіне енгізілген. Сондықтан медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін олардың сапасы артып, халыққа қолжетімді болады деп үміттенеміз.

Атап айтар болсақ, оңалту қызметіне жұмсалатын шығындар 2,5 есе артты. Емхана  деңгейінде көрсетілетін бастапқы санитарлық-медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 50 процентке дейін өседі. Келер жылдан бастап екі пакетте де консультативтік-диагностикалық қызметтерге, стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке бөлінетін қаржы көбейеді. Пакеттерді екіге бөлу арқылы көптеген қызмет түрлерін толық қаржыландыруға мүмкіндік туады.

Қосымша қаражат мынадай салаларға жұмсалады:

Профилактикалық шараларды күшейтуге:

– бастапқы медициналық-санитарлық көмекке (қаржыландыру көлемі 40 проценттен 50% дейін артады):

– емханалық-амбулаторлық көмек саласындағы жан басына шаққандағы норматив пен жедел жәрдемге. Жан басына шаққандағы норматив дегеніміз не? Бұл – емханаға тіркелген әр адамға бөлінетін қаржы. Қаражат ол азамат емханаға қаралса да, қаралмаса да, оның ем-домына жұмсалған шығын мөлшеріне қарамастан бөлінеді. Емханада қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар шамамен 30%, жедел жәрдем шақыруға кететін шығын – 24% артады.

– консультативтік-диагностикалық қызметтерге бөлінетін қаржы 5 есе артады;

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын күшейтуге:

– стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті, соның ішінде жоғары технологиялы қызметтерді қаржыландыру деңгейі 25% өседі

– сақтандырылған азаматтарды оңалту мен қалпына келтіруге бағытталған ем-дом шараларына бөлінетін қаражат 2,5 артады;

– медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіру мақсатында тарифтерді көтеру жоспарланып отыр.

 

  Нуржамал Жумагулова,  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  КеАҚ БҚО бойынша филиалының директоры

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
71 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
108 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
203 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
410 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»