ҮШ ЖЫЛ БОЙЫ МАЛ ҰРЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ТОП МҮШЕЛЕРІ СОТТАЛДЫ
2015-2018 жылдар аралығында мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкерелеп, тергеу барысында Қаратөбе ауданының үш тұрғынын жауапқа тартқан болатын. Бүгін БҚО Полиция департаментіне өткен брифингте тергеу басқармасы қылмыстық істің аяқталғанын жеткізді.

БҚО ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Ержан Жақсыбаевтың мәлімдеуінше, үш азамат та – қартөбелік. Бұрын сотталмаған. Жасаған қылмыстары толықтай дәлелденген азаматтар 5-8 жыл аралығында жазаларын темір тордың арғы жағында өтейтін болды. Яғни, қылмыстық топтың жетекшісі ретінде танылған Е.Төлегенұлы – сегіз жылға, топ мүшелері С.Бисембаев – бес жылға, О.Дәулетияров – жеті жылға сотталды.

– Тергеу барысында 40 жәбірленушіден түскен өтінімге сәйкес 24 эпизодтық қылмыс ашылды. Олар 26 жылқы, 118 ірі қараны ұрлап, сойылған малды Атырау мени Ақтөбеге жеткізіп отырған. Жәбірленушілерге келген залал мөлшері – 27 млн. 295 мың теңгені құрады, – деді Ерлан Мирзадинұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу