ЖАСЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖАҚСЫ АҒА
Ел үшін аянбай қызмет ету басты парыз деп санайтын, ұлт мүддесін ойлаған абзал да ардақты азамат, киелі де қастерлі мекен – Махамбеттей өр ақынның, елді жаудан қорғаған батырдың туған өлкесінің перзенті Лавр Рашидұлы! Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді асқаралы 60 жастың белесіне алып жетіпті.

Сіз, Ауыл шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген соң өз еңбек жолыңызды туған жеріңіз Орда ауданында қарапайым маманнан бастап, кейін Орда, Жаңақала аудандары әкімі қызметтерін атқардыңыз. Сіздің мәдени мұраға оң ниетіңіз батысқазақстандықтарға жақсы таныс. Бұрынғы Орда ауданын басқарған кезде Жәңгір хан, Дәулеткерей Шығайұлы және Мұхамед-Салық Бабажановтарға кесене тұрғызып ел есінде қалсаңыз, кейін Жаңақала ауданында сіздің бастамаңызбен күйші Мәмен мен Тұяқ Шәмелевке еңселі мазар көтерілді. Аудан орталығында күйшілер аллеясы жасалып, ескерткіштері орнатылды. Тіпті Орал қаласында Дина Нұрпейісова шешеміздің мүсінін қоюға да мұрындық болған өзіңіз. Бүгінде жоғары кәсіби дәрежеңізді, жұмыстағы жауапкершілігіңізді және басшылық қызметтегі қағидашылдығыңызды, саясаттағы төзімділігіңізді ескере отырып, Сізге ұсынылған Ауыл шаруашылығы министрлігінің БҚО аумақтық инспекциясының басшысы қызметін абыроймен атқарып келесіз.
Қадірменді, Лавр Рашидұлы бұл жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз! Осындай қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан танбаңыз. Аяулы асыл жарыңыз Дариға ханыммен бірге ұл-қыздарыңыздың, немере-шөберелеріңіздің қуанышын қызықтап, ұзақ ғұмыр жасаңыздар. Елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табады деп сенеміз. Кісілік келбетіңізден танбай, несібе-дәулетіңіздің арта беруіне ақ тілегімізді білдіреміз!
Бір топ бөкейордалық жерлестеріңіз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу