АНАЛАРДЫҢ УӘЖІ
Көпбалалы аналардың атынан келген бастамашы топ бүгін қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов бастаған облыстық басқарма, қалалық бөлім басшыларымен кездесті. Еркін форматта жүргізілген жүздесуде әйел-аналар көкейдегі сауалдарын қойып, негізгі мәселелерін жеткізді.



Қазіргі уақытта республика деңгейінде белсенділік танытып жүрген «Ақжүніс» аналар қоғамдық қозғалысының» өңіріміздегі мүшелерін бастап келген Айнұр Арыстанованың айтуынша, қоғам өңіріміздегі 300-ге жуық ананың басын біріктіріп отыр. Олардың қатарында көпбалалы, аз қамтылған отбасы аналары бар.
– Осы уақытқа дейін қала әкімдігімен, бөлімдермен тығыз жұмыстанудамыз. Олардың алдына қойған мәселелеріміздің кейбірі шешілді. Бірақ, әлі де бірқатар жайттар шешімін таппай отыр, – дейді Айнұр.
Кездесуде өңірдің әр ауданынан арнайы келген аналар да болды. Әрқайсысы сөз алып, ортақ мәселелерді қозғауға тырысты. Мәселен, Теректіден келген А.Нұржанованың айтуынша, өзге қалалар көпбалалы аналарға қоғамдық көліктерде тегін жол жүру жайын шешуде. Осы ретте өңірімізде аналарға қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын жеңілдетсе деген ойын жеткізді. Сондай-ақ қолдарында мүгедектігін анықтайтын құжаттары бола тұра қоғамдық көліктердің қызметін тегін қолдана алмай отырғандар бар. Құжатты көрсеткенімен, кондукторлардың бірқатары оған назар салмай, ақша төлеуді талап ететін көрінеді.
– Компаниялар жолақысы тарифін 185 теңгеге дейін көтеруді сұраған болатын. Расында зерттеу нәтижесі олардың жолаушылар тасымалын ұйымдастыру шығыны талап еткен тарифке сай келетінін көрсетті. Әйтсе де, халықтық қалтасына салмақ салмау үшін бағаны осы 80 теңгеде ұстаудың амалдары жасалды. 7 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін, 14 жасқа дейінгілер 50 пайыздық жеңілдікпен жүреді. Қазір қала бюджетінен автобус парктеріне 191 млн. теңге төленуде. Әр түрлі санаттағы топтарды жеңілдікпен қамту үшін тасымалдаушылар 2 млрд. теңгеге дейін қаржы сұрап отыр, – деп түсіндірген қала әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы олқылық орын алған маршруттар мен кондукторлар бойынша нақты деректердің ұсынылуы қажетін айтып, шара қолданылатынын жеткізді.
Сонымен қатар аналардың денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты сауалдары көп болды. Соның ішінде ем алу үшін порталға кезекке тұрудың ұзақ уақыт алатыны, жедел жәрдем қызметін жақсарту, ауылдық елдімекендерде білікті медицина мамандарының тапшылығын ортаға салып, бұл сұрақтардың әрқайсысына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдрахманова жеке-жеке жауап берді. Көпбалалы отбасы балаларының балабақшаға орналасуы, жалпы білім беру қорынан берілетін киім-кешектің сапасын көтеру, мектептердегі тамақтың ұйымдастырылуына қатысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Көпбалалы аналардың көкейтесті сауалдарын, негізгі мәселелерін анықтау мақсатында тоқсан сайын кездесу ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу