АЛАҚАН ЖАЙҒАНДАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМА!
Елімізде ауру балаларды емдеуге арналған есепшоттар арқылы пайда табуды көздеген алаяқтар көбейіп кеткен. Олардың дені осы күнге дейін Алматы, Нұр-сұлтан, Ақтөбе қалаларында кездессе, енді батыс өңірде де қылаң бере бастаған.

Мәселен, алаяқтар әлеуметтік желілер арқылы науқас балалардың ата-аналарына волонтерлар атынан хабарласып, қажетті соманың жиналғанын айтып, банк карталарының нөмірін сұрап, кейін ақпаратты жинаған соң, есепшоттағы қаржыны жымқырып отырған. Облысқа танымал волонтер – Ғалия Бекқожиева бірнеше жылдан бері, науқас балалардың еміне қаржы жинаумен шұғалданады. Ол өзі сынды еріктілерді қатарына тартып, көмек керек жандарға қол ұшын созып жүр. Соңғы аптада оның осы танымалдылығынан хабары бар алаяқтар Ғалияның атынан тұрғындарға хабарласып, жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып жүрген көрінеді.
– Осы апта басталмас бұрын бірнеше белгісіз адамдар менің суретімді әлеуметтік желіден жүктеп алып фейк парақшалар ашып, хабарласып тұрғындардан ақша жинап жүр. Осындай жалған алаяқтарға алданып қалмаңыздар. Мен көмек керек жандармен көзбе-көз жүздесіп, жиналған қаражатты банк есепшотына ешқандай құпия сандарды сұрамай-ақ, аударамын не болмаса, қолма-қол беремін. Ал алаяқтар банк еспшотының артқы бетіндегі үш құпия санды сұрап сол арқылы құпия сөзді ауыстырып ондағы ақшаны алып алады. Сол себепті сақ болыңыздар, – дейді Ғалия Бекқожиева.
Қазір орталық базар маңында науқас балалардың еміне ақша жинап жүргендерді де көзіміз жиі шалып жүр. Олардың бұл әрекеттері де күмәнді дейді сала мамандары. Өйткені, Нұр-сұлтан мен Алматы, Ақтөбе қалаларындағы осындай еріктілер тобының жұмысы заңсыз екені анықталған. Оралдықтар болса, Орталық базар маңында соңғы кезде алақан жайып, қолдарын созғандардың қатары көп екенін жасырмайды. Осы орайда, БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков әлеуметтік желілілер арқылы пайда таппақ болған, арамтамақтардың қатары күн санап көбейіп келе жатқанын айтады.
– Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, биылғы жылдың 11-12 маусым күндері БҚО аумағында «Hi-Tech» жедел- профилактикалық іс шарасы өткізіліпті. Оның аясында бір күннің өзінде 12 қылмыс анықталған. Атап айтсақ, жергілікті полиция қызметкерлері Атыраудан 1991 жылғы, адамдардың сеніміне кіру арқылы пайда таппақ болған азаматшаны құрықтаған. Оның үстінен ҚР ҚК 190 бабы 2 бөлімі 4-ші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалғалды. Сол себепті ел азаматтарын сақ болуға шақырамын, – деді Болатбек Еркебұланұлы.
Ал, нағыз қиналғанға көмек қолын созуға құлықты болсаңыздар, онда арнайы көмек қорларын таңдаңыздар. Қол жайғанның бәрі қайыршы емес екенін естен шығармайық!
Айнұр ҚҰРМАШЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу