БАЙҚАУ. ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ НАЗАРДА
Қоғамның немесе қоғамның жекелеген әлеуметтіктоптарының әлеуметтік маңызды проблемаларын шешуге ықпал етуге үкіметтік емес ұйымдар ат салыса алады. Осы орайда облыстық ішкі саясат басқармасы жергілікті қоғамдастық проблемаларын шешуге бағытталған жаңа инновациялық әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесін өткізбек. Грант алуға ниетті үкіметтік емес ұйымдар 30 маусымға дейін әлеуметтік жобаларын ұсына алады.

Жобаларға бөлінетін гранттың жалпы бюджеті – 2 500 000 теңге. Гранттар 12 бағыт бойынша бөлінеді. Атап айтқанда, білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу, азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, мәдениет пен өнерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны қорғау және қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту.
Байқауды «Фонд содействия научным исследованиям» жеке қоры өткізеді. Үкіметтік емес ұйымдар өз өтінімдері мен, өтінімге қатысты қосымша материалдарды «Байқау – же ргілікті қоғамдастықтың проблемаларын шешу 2019» белгісімен npo.zko@list.ru электронды мекенжайына жолдауы тиіс.
– Номинанттарды іріктеуде өтінімді беру сәтіне қоғамдастықтың шешілетін проблемаларының өзектілігі, өңірдің немесе жалпы облыстың мақсатты топтары өміріндегі жұмыс нәтижелерінің маңыздылығы және әлеуметтік әсері, тәжірибе мен қызмет нәтижесін тарату формалары, тәсілдері мен тетіктері назарға алынады, – деп түсіндірді қор төрағасы Айболат Құрымбаев.
Таңдалған жобалар жыл соңына дейін облыс аумағында жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ үкіметтік еемес ұйымдардың әлеуметтік проблемаларды шешудегі үздік жобалары үшін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Әрекет» гранттар байқауын жариялады. Республикалық байқаудың жалпы жүлде қоры – 150 млн. теңге. Яғни әр жеңімпаздың өз ісін дамытуға 3 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде грант алуына мүмкіндігі бар. Ал жобаны іске асыру мерзімі – шарт жасалған күннен бастап 9 айға дейін. Бұл байғауға да өтінімдерді ұабылдау 30 маусымда аяқталалды. Өтінім беру үшін КЕҰ өкілдері «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми сайтында, «Құжаттар» бөлімінде көрсетілген құжаттар пакетін жинап, электронды түрде (PDF форматы) areket.skt@gmail.com поштасына жіберу керек.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу