КӨЛІК АУДАРЫЛДЫ. ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР БАР
15 маусым күні көлік аударылып, жас ананың ес-түссіз жатқаны түсірілген видео таратылған болатын. Бүгін БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі осы жол-көлік оқиғасы туралы мәлімдеме берді.

Хабарламада айтылғандай, оқиға 15 маусым күні сағат 13.00 шамасында Ақсай-Федоровка автожолының 9-шы шақырымында болған. 1984 жылғы «Volkswagen sharan» маркілі автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол жанына аударылып түскен.
Жол-көлік оқиғасынан әр түрлі жарақат алған 1993 жылғы жолаушы Ақсай қаласы ауруханасына жеткізілген.
Қазіргі уақытта Бөрлі аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, демалыс күндері жедел жәрдем шақырту бойынша 7 жол-көлік оқиғасы орнына барып, көмек көрсеткен. Екі күнде қала ішінде және қаларалық автожолдарда болған жол-көлік оқиғалары салдарынан 21 адам зардап шеккен. Көз жұмғандар жоқ.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу