ҚАЛА БЮДЖЕТІ 6714 684 ТЕҢГЕГЕ ҰЛҒАЙДЫ
2019 жылға арналған қалалық бюджет 6 714 684 мың теңгеге көбейді. Оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы – 123 364 мың теңге, жоғары тұрған бюджеттен түсетін трансферттер түсімдері – 5 911 440 мың теңгені құрайды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың 32-ші кезектен тыс сессиясында мәлім болды. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов, құрылымдық бөлімше басшылары мен депутаттар қатысты.

Қалалық мәслихат депутаты Валентина Михноның төрайымдық етуімен өткен сессияның күн тәрбінде алдымен Орал қалалық мәслихатының 2019-2021 жылдарға арналған қалалық, кенттердің, ауылдық округтің бюджеттері туралы шешімдеріне өзгерістер енгізілді. Шаһардың биылғы жылға арналған бюджетін нақтылау барысы жөнінде сөз алған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенованың баяндауынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына – 2 503 974 мың теңге, санитарияны қамтамасыз етуге – 161 533 мың теңге, абаттандыруға және көгалдандыруға – 34 506 мың теңге, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 1 224 733 мың теңге, мемлекеттік органның күрделі шығындарына – 194 821 мың теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ағымдағы шығындарына – 14 510 мың теңге, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға – 853 871 мың теңге, үй-жайды сатып алуға – 20 000 мың теңге қарастырылған. Құрылысқа – 761 365 мың теңге, кредиттік тұрғын үй құрылысына – 710 393 мың теңге, үй құрылысы бойынша ведмстводан тыс сараптама жүргізуге – 2 439 мың теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға – 17 000 мың теңге, коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 1 533 мың теңге, спорт нысандарын дамытуға – 30 000 мың теңге бөлінді. Жол құрылысына – 604 590 мың теңге, білім беру саласына – 638 030 мың теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті дамытуға – 101 316 мың теңге бағытталды.
Жиында сондай-ақ қалалық мәслихаттың нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі комиссия төрағасы Амангелді Ермекқалиев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосқан Ұлы Отан соғысының ардагерлері Минжан Абдрахманов, Вениамин Скаленко, Алексей Толкачев және жергілікті мемлекеттік басқару саласында абыройлы еңбек еткен Валерий Голоухов, Батес Исмағұлова, Сағын Құрмановқа «Орал қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді бекітуге ұсынды. Бұл күні қаралған барлық мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу