САЙЛАУ ҚАЛЫПТЫ ӨТТІ
Дүйсенбі күні «Аманат» азаматтық платформасының облыстық өкілдігі өңріміздегі сайлау учаскелеріндегі тәуелсіз бақылау жұмыстарының нәтижесі туралы журналистермен брифинг өткізді.


Еліміздегі кезектен тыс ҚР Президенті сайлауы үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған «Аманат» қоғамдық ұйымының БҚО-дағы бөлімше кеңсесінің жетекшісі Асхат Өкшебаевтың мәлімдеуінше, «Аманат» азаматтық платформасы облыстық өкілдігі сәуір айынан бері 40-тан астам іс-шара өткізген. Бақылаушыларды арнайы дайындау мақсатында өткен 9 тренинг нәтижесін берген. – БҚО-дағы 519 сайлау учаскесінде «Аманат» азаматтық платформасының 541 бақылаушысы сайлау процесін бақылады. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, журналистер, қоғам қайраткерлері, жастар, еріктілер болды. Мониторинг жасау жұмыстарын үйлестіру мақсатында облыста 38 мобильді капитан, бес үйлестіруші, БАҚ-пен байланыста жұмыс істейтін 12 ерікті және заңгерлер жұмыс істеген. Таңғы сағат бестен алтыға дейін сайлау учаскелерінің дайындықтары тексеріліп, алтыдан жетіге дейін урналардың бекітілуі, сайлау бюллетеньдерінің, тізімдерінің дайындығы қадағаланып, сайлау учаскелері жетіден бастап жұмыстарын бастап кетті. Облыстағы барлық сайлау учаскесі жұмыстарын уақытылы бастады. Ең қуантатыны, таңертеңгілік сағат 9 бен 12-нің арасында дауыс беруші азаматтардың учаскелерге көп келуі. Кейбір сайлау учаскесінде сайлаушылар кезекке тұрған жағдайлар болды. Біздің бақылаушылар осы кезекке қатысты ұсыныс-ескертпелерін айтып, түйткілді мәселелер көп кешікпей шешілді, – деді Асхат Өкшебаев. БҚО бойынша «Аманаттың» тәуелсіз бақылаушылары сайлау процесі барысында 53 ауызша ескерту беріліп, үш акт толтырылған. Мәселен, Шыңғырлау ауданында әкесі екі қызымен бірге кабинаға кіріп кетуіне байланысты акт толтырылған. Екі акт Орал қаласына толтырылған, яғни дауыс беруші тұлғаларға сайлау учаскесінің өзгертілгені жөнінде ақпарат, шақыру қағаздары берілмеген. Үш акт сайлау учаскелеріне, Орталық сайлау комиссиясына жолданған. «Аманаттық» бақылаушылар сайлау уақыты біткеннен кейін де сайлау учаскелеріндегі бюллетеньдер санағына қатысып, хаттамалар шығарылғанға дейін бақылап, тиісті ақпараттарды жолдап отырған.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу