ІРІҢДІ МЕНИНГИТТЕН 10 АЙЛЫҚ СӘБИ КӨЗ ЖҰМДЫ
Оралда іріңді менингиттен 10 айлық бала ауруханада көз жұмды. Оқиға кеше, 10 маусым күні болған.

– Сәби көпбейінді балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілді. Жедел хабарлама бізге 3 маусым күні түсті. Менингитті инфекция қоздырғышы анықталған жоқ. Қойылған диагноз – өткір іріңді менингит. Өкінішке орай, оны аман алып қалудың мүмкіндігі болмады. Кеше, 10 маусым күні бала реанимацияда көз жұмды, – деп жеткізді Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Валентина Кенжеғалиева.
Сала мамандарының айтуынша, облыста менингококк жұқпасының 2 жағдайы есепке алынған. Атап айтқанда, жыл басынан бері 20 жастағы және 9 айлық науқастарда менингококкты инфекцияның генерализацияланған түрі тіркеліп отыр. Бір жағдайда диагноз зертханалық түрде расталып, С тобының менингококк қоздырғышы анықталған. Екінші жағдайда диагноз клиникалық деректер негізінде расталған.
В.Кенжеғалиева менингит түрлі болатынын жеткізді. Мәселен, 10 айлық сәбидің көз жұмуына менингитті инфекцияның қатысы жоқ. Өйткені іріңді менингит бір адамнан екінші адамға жұқпайды. Ал менингитті инфекция ауа-тамшылы жолмен жұғады.
– 20 жасар азамат та, 9 айлық баланың ауруы да мамыр айында тіркелді. Олар қазір аурудан айықты. Екі жағдайда да біз ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргіздік. Олармен байланыста болған адамдар менингококкты инфекцияға бактериологиялық зерттеу жүргізілгенімен, нәтиже теріс болды. Бірақ, қоршаған ортада менингитті инфекцияны тасымалдаушылық бар, – деп түсіндірді Валентина Кенжағалиева.
Сондай-ақ эпидемиологтар менингит бактериологиялық немесе вирусты этиологияда болуы мүмкін екенін айтып, жаз маусымының басталуымен серозды, яғни вирусты менингиттің пайда болу қаупіне назар аудару қажеттігін ескертті. Яғни жуылмаған жеміс-жидектерді пайдалану кезінде, суға түскенде серозды менингитпен сырқаттану ықтималдылығы бар. Менингиттің осы түрінің қоздырушысы – энтеровирус. Күн сәулесінің әсерінен энтеровирус өршіп, адам ағзасына түсуі мүмкін. Иммунитет әлсіз болса ми қабатының қабынуына әкеліп, салдарынан менингитті тудырады.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу