8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Маусым 2019 2072 0
Қалалықтар қаперіне

Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Көптен асыға күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Ал жазғы демалысты су айдынындағы су бүрку және ойын-сауықсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан демалыс қауіпсіз әрі көңілді өтуі үшін суға түсу кезіндегі қарапайым ережелерді ұстаған жөн.

Су қалай десек те қауіпті. Өзенде қатты ағыс немесе шұғыл жарқабақ кездесіп, адам аяғына балдырлар оралып немесе күн өтіп басты күйдіріп жіберуі мүмкін. Ал қауіпсіздік ережелерін сақтасаңыз, сіз әрқашан судағы демалысыңызда ешқандай қауіп-қатерсіз жайбарақат өткізе аласыз. Сіздердің кейбіреуіңіз жүзу білесіз, алайда бұл сіздің басыңызға қауіп төнбейтінін білдірмейді. Ең бастысы барлық жағдайда ересектердің айтқанын тыңдауды естен шығармаңыз, себебі сіздерді бірінші кезекте қамқорлайтын сол адамдар!

Жағажайда бас киім кию қажет, әйтпесе күн өтуі мүмкін. Жағажайға ата-анаңызсыз немесе ересек аға-апаларыңызсыз бармаңыз. Бір жаққа баратын болсаңыз оларға айтып ескертіңіз. Бұталары мен балдырлары көп және суға апарар жақсы жолы жоқ орындарда суға түспеңіз. Белгісіз орындарда суға сүңгімеңіз және секірмеңіз – ол жерлерде көзге көріне қоймайтын суда өсетін бұталар мен тастар болуы мүмкін. Су астында ұзақ сүңгумен және қармаумен байланысты ойындарды суда ойнамаңыз.

Тереңге бармаңыз – аяқтар әрқашан судың түбіне жетіп тұру тиіс. Бір-біріңізді суға батырмаңыз!

Кездейсоқ судың тереңіне құлап кетуі мүмкін болатын орындарға жақын тұрған суда ойнамаңыз.

Егер ешқандай жағдай болмаса, әзілдеп көмекке шақыруға болмайды. Бірінші шақырғанда ересектер жүгіріп келіп, ал іс насырға шапқан кездегі екінші шақыруыңызға сенбей, келмеуі мүмкін.

Егер жүзу білмесеңіз, міндетті түрде құтқару жилетін киіңіз немесе құтқару шеңберімен (дөңгелегімен) жүзіңіз. Бұл кезде де жинақы болыңыз – ағыс сізді тереңге алып, ал құтқару құралы ұшып кетуі мүмкін.

Қайықта серуендеген кезде бортқа жалғыз отырмаңыз және оны теңселтпеңіз, себебі қайық аударылып кетуі мүмкін. Қайықтан суға секіріп сүңгімеңіз және бір қайықтан екіншісіне секірмеңіз.

Қайықпен серуендемес бұрын онда барлық заттардың барына көз жеткізіңіз (бақыраш, ескектер, құтқару шеңбері (дөңгелегі). Қайыққа артық (шамадан тыс) жүк тиемеңіз.

Ольга Протопопова, Орал қ. ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»