8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 2077 0
Қоғам

«Көркем дүниелері драмаға дайын»

Тәуелсіздіктің  25 жылдығына орай, өлкедегі қаламгерлерді ел-жұртқа насихаттау мақсатында  Орал қаласы әкімдігі мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы арнайы жоба жасақтаған болатын. Осы жоба аясында жыл басынан бері Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында жергілікті қаламгерлердің кештері қолға алынды. Жақсы істің жалғасы ретінде аталмыш орталықтың ұйымдастыруымен сәуірдің 14 күні  танымал қаламгер, бірнеше кітаптардың авторы,  2002 жылғы халықаралық  «Шабыт» жастар фестивалінің  лауреаты, 2005 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  Мира Шүйіншәлиеваның «Жазушы қызы Жайықтың» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Шара шымылдығы қаламгердің «Жүректегі құпия» повесінен басты кейіпкерлер Мәди мен Жәмиланың өмірінен сахналанған көрініспен түрілді.  Мұңлы образды арқау еткен қойылым көңілдің көк дөненін тебіндетіп, көрерменді тебірентіп жіберді.   Жәмиланың аласұрған ішкі сезімімен арпалысы, перзентханадағы жас ананың өмірден баз кешуі, бейхабар періште сәбиден әкесі Мәдидің бай, ақшалы бикешке бола бас тартуы – бәрі-бәрі тыңдаушының жан жүрегін елжіретіп, жанарына жас толтырды. Зал ішінде мүлгіген тыныштық орнады. Сөз құнарын пайымдай білген көрерменнің төрт көздері жәудіреп, сахнаға еріксіз телмірді. Қадыр Мырза Әлі атындағы орталықтың режиссері Асылай Оразқызының үш бөлімнен тұратын күрделі повестен театрлық тұшымды еңбек жасағанына көпшілік таңқалды. Рөлдерді де осы орталықтың өнерпаз ұжымы, студенттер сәтті ойнап шықты.

Бұдан соң «Аққу» биін билеген қос биші залдан кеш иесін ыстық қошеметпен сахна төріне алып шықты. Өнердегі апасы, белгілі ақын-ұстаз Дариға Мұштанова сөз тиегін ағытты.

– Өнер десе, мәдениет десе елеңдеп тұратын, жүрегі жылы, көңілі шуақты  зиялы қауым!  Соңғы кездері Қадыр ағамның орталығында осындай шырайлы кештер көбейіп келеді. Бір-бірімізді көріп, қуанысып, кейінгі ұрпаққа, ізбасарларымызға әңгімемізді жеткізіп, өнер жәрмеңкесін жасап, бір-бірімізге шуақ сыйлап, лебізімізді айтамыз.  Осындай керемет кештер салтқа, дәстүрге айнала бастағаны мені қуантады. Бүгін, міне, Қадыр ағаның шаңырағында шырайлы кештің шырағын Мира жағып отыр. Жайық өңірі өнерден кенде емес, әнші де бар, жыршы да бар, ақын да бар, ғалымдарыңыз

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
28 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
79 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
49 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
272 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»