МУЗЕЙДЕ – БҚИТУ-ДЫҢ КӨРМЕСІ
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында және Жастар жылына орай Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қолға алған «Музейстар – 2019» жобасы аясында «Білімді жастар – ел болашағы» тақырыбымен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің көрмесі ашылды.

Музей директоры Мирболат Ерсаев атап өткендей, жоба наурыз айында мәдениет басқармасының қолдауымен бастау алған болатын. Басты мақсат – музейге жастарды тарту, өңіріміздегі жеті оқу орны студенттерінің жетістіктерін көрсету. Жыл соңында қорытындыланатын жобаның нәтижесінде «Музей және жастар» атты ауқымды семинар ұйымдастыру жоспарланған. Жоба аясында оралдықтар М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың көрмесін тамашаласа, енді Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетімен толығырақ танысуға мүмкіндік бар. Еліміздегі 133 оқу орнының 89-ы қатысқан рейтингте бұл оқу орны 14-ші орынды иемденіп, жоғары сапада мамандар дайындайтын 20 үздік оқу орнының қатарына енген.
Көрменің ашылуына музей ардагерлері мен аталмыш оқу орнының ұстаздары, қала жастары қатысып, униврситет ректоры Раушан Габдуалиева жас буынның тарихы мен халықтық дәстүрді тереңірек танып білуіне мүмкіндік жасаған тарихи-өлкетану музейінің ұжымына алғысын жеткізді. Көрмеге оқу орнының тарихына қатысты деректер, профессорлық-оқытушы құрамның фотоматериалдары мен ҚР білім және ғылым министрлігінің мараппаттары, ғалымдардың монографиялары мен шығарған кітаптары, студенттердің дипломдық жұмыстары, қолөнер бұйымдары және заттай жәдігерлер қойылған. Оқу орны жалпы 200-ден астам құжаттар мен бұйымдарды әкелген.
– Университетіміздің студенттері облыстық қана емес, республикалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық, спорттық шараларға қатысып, жүлделі орындарды қанжығалап жүр. Биыл оқу орны бірнеше халықаралық конференцияларға қатысты. Латын әліпбиіне көшу мәселесіне арналған екі халықаралық конференцияны өзіміз ұйымдастырдық. Сондай-ақ республикалық жазғы универсиаданың үш спорт түрін өткізіп, еліміздің әр түкпіріндегі оқу орындары бойынша 18 командадан 150 студент Оралға келді. Бұл спорт сайысында да біздің студенттеріміз алтыннан алқа тақты. Олар қазір шілде айында Италияда өтетін дүниежүзілік универсиадаға дайындалуда, – деді білім ордасының тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аянбек Әбекешов.
Атап өтейік, қаладағы бірнеше жеке оқу орындарынан біріккен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің көрмесі 21 маусымға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде университеттің әр факультеті «Мені қоршаған орта», «Менің сүйікті қалам», «Жастар дауысы» шараларын өткізбек.



Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу