8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2019 4558 0
Спорт

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін қалалық мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауының спорттық алаңында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері арасында шағын футбол және арқан тартыстан жарыс ұйымдастырылды. Айта кетейік бұл ойын – биылғы жылдың саябақтағы маусым ашар ойыны.

Шараның мақсаты – балалар үйі тәрбиеленушілері арасында спорт және дене тәрбиесін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін күшейту, балаларды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға баулу.
Спорттық бәсекені тамашалауға Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Артур Шерғалиев, БҚО Street lifting федерациясының президенті Асқар Досқалиев, Циклдық спорт меңгерушісі Қанат Жанғалиев және Орал спорт клубының өкілі Орынтай Абуов қатысты.

– Бүгінгідей шаралардың басты мақсаты –балаларға спортпен айналысуға деген сенім мен ынта беру. Балалар үйінде дарынды балалар өте көп. Ал біздің міндетіміз оларға жәрдемдесіп, болашақта бағыт-бағдар табуына көмектесу. Мен сіздердің араларыңыздан еліміздің мақтанышы мен басқаларға үлгі болатындай спортшылар шығатынына сенімдімін, – дейді Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Артур Шерғалиев. Сонымен қатар мамандар спорттың нақты түрімен айналысуға ниет білдірген балалармен сұхбат жүргізіп, спорт үйірмелеріне орналастыру мүмкіндіктері жөнінде де кеңес берді.

Мерекелік спорттық шара соңында балаларға жарыстың демеушілері – БҚО Street lifting федерациясының президенті Асқар Досқалиев тәттілер ұсынды. Қысқы спорт түрлерінен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі атынан – биылғы сырғанау маусымына Мұз спорт сарайында көпшілік сырғанауға тегін абонементтер және спорт бөлімінен естелік сыйлықтар табысталды. Саябақтың оң жағалауында жеке кәсіпкер балаларға тегін велосипед тебу сағатын ұйымдастырылды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
215 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
265 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
438 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
425 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»