8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2019 2243 0
Қоғам

САЯБАҚТАҒЫ КӨҢІЛДІ КҮН

Балаларды қорғау күні қарсаңында Орал қаласы әкімдігі мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік демалыс сыйлады. Мерекеге арнайы шақырылған балғындарды қалалық мәдениет және демалыс саябағы алдында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студент-еріктілері қарсы алды.

Мерекелік шара қала әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бастамасымен ұйымдастырылып, жеке кәсіпкерлер қолдау көрсетті. Алдымен аниматорлардың қатысуымен көңілді концерт ұсынылды. Балалар да ортаға шығып, думанды мерекеде мейірім мен қамқорлыққа бөленді. Қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, қалалық мәслихат хатшысы Аққали Үмбетқалиев балалардың ортасынан табылды.

– Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күнін бүкіл әлем 1950 жылдан бастап атап өтеді. Оны өткізу туралы шешім 1949 жылдың қараша айындағы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған болатын. БҰҰ бұл бастаманы қолдап, балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басымды бағыты деп жариялады. Содан бері міне, 70 жылға жуық маңызы зор осы мереке аталып өтіледі. Балалар – болашағымыз, үкілеген үмітіміз. Ертеңіміздің дендері сау, әр күндері жарқын болсын деп тілеймін. Балғындарымыздың балалық шағы ұмытылмас сәттерге толы болғай, – деп қала әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы ізгі тілегін білдірді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, Орал қаласында 16 жасқа дейінгі 1295 бала бар. 16-18 жас аралығындағы мүгедектер саны – 113. Биыл бөлім арқылы 310 мүгедек балаға көмек көрсетіліп, техникалық көмекші құралдармен, медициналық-әлеуметтік мекемелерде және үйде күтім көрсету жағдайындағы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Бес бала санаторлық-курорттық емделуге жіберілген. Жеке оңалту бағдарламасы негізінде 18 жасқа толмаған психоневрологиялық патологиясы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 223 мүгедек бала күндізгі уақытта жартылай стационар жағдайында және үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды. Қазір 2188 мүгедек баланың білім беру шығындары өтелуде.

– Көп балалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жан-жақты көмек көрсетілуде. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жинап шара ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз – оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Екіншіден, осындай балғындардың өзекті мәселелеріне қоғамның назарын аудару. Мәселен, кәсіпкерлік нысандары мен қызмет көрсететін көпшілік орындар мүмкіндігі шектеулі жандарға толық қолжетімді болуы тиіс. Пандустармен, көзі нашар көретіндер үшін дабылды пернелермен қамтамасыз етілуі керек. Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамның бір мүшесі ретінде өмір сүру ортасын тең дейгейде пайдалана алатындай жағдай жасағынымыз жөн, – дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Ғалиев.

Қала әкімдігімен қатар қалалық мәслихат депутаттары және қалалық саябақтағы кәсіпкерлер балаларға демеушілік жасап, сыйлықтар ұсынды. Өрендер саябақтағы аттракциондарда, теплоходта серуендеп, күндерін қызықты өтікізді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»