АҚ БАТА – АСЫЛ МҰРА
Жасы 45-тен асқан өлкедегі ер азаматтар бата айтудан сынға түсті. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткен «Ақ бата – асыл мұра» атты байқауда жерлесіміз Т. Жұмағалиев жүлделі бірінші орынды иеленді.

Ақ батаның тәлім-тәрбиесін, берер өсиетін түсіндіруді мақсат тұтқан байқауға алғашында он жеті қария қатысса, осылардың арасынан жеті батагөй іріктеліп, соңғы финалда өз бақтарын сынады. Батагөйлер байқауы өзін-өзі таныстыру, би-шешендердің, ақын-жыраулардың тарихта қалған батасын жатқа айтып, жеребемен түскен дәстүрге байланысты бата беру кезеңдерінен тұрды. Ақ жүрекпен оқылған ақ бата байқауына Тихон Әліпқали, Үзілдік Елеубайқызы, Дариға Мұштанова, Нұржан Сертеков секілді зиялы қауым мен Ақжайық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Кереев қазылық етті.
Байқау нәтижесінде Т.Жұмағалиев І-орынды, Қ.Құсайынұлы ІІ-орынды, Р.Баймағамбетов ІІІ-орынды иеленді. Үміткерлер арасынан Н.Мәжитов, С.Қарабалин, Б.Құрмекешов, М.Тұрашевтарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Нұрлан ЕДІГЕНОВ
Темірғали Жұмағалиев, байқау жеңімпазы:
– «Ақ бата – асыл мұра» батагөйлер байқауы барынша әділ болды деп ойлаймын. Ақ қағазға түскен ақ батаны ақжүрекпен орындап, ел игілігі үшін әмин деп бата бердім.
Білімді болсың жастарың,
Ашық болсың аспаның.
Татулықты ту еткен,
Орындалсың арманың.
Жастарға бата берейік,
Өссін, ұрпақ көбейіп.
Жылы сөздермен демейік!
Тихон Әліпқали, әділқазылар алқасының төрағасы:
– Бата деген сөзде қаншама мән мағына жатыр. Бірақ біздер соны білмейміз. Бата мен тілекті шатастыратын қаншама ел ағалары мен абыз қариялар бар. Рухани жаңғыру дейміз?! Ұлттық код дейміз?! Қане, біздің ұлттық кодымыз?! Не әннің сөзі дұрыс емес, әуені де тыңдауға келмейтін селтең-селтең еткен музыка. Жоқ, салауатты ұрпағым қателеспеңіздер! «Рухани жаңғыру» дегеніміз, бетін шаң басқан архивті қопарып қазақтың салт-дәстүрін қайтадан мықтап насихаттау. Батаның не екенің, оның қандай қасиеті бар екенін жастарға түсіндіруіміз керек. «Бата құдай сөзі» дегенді ұмытпауымыз керек. Бүгінгі байқау ойдағыдай болған жоқ. Бата үлгілерін ауыстырып алып, бір бет қағазға қарап оқып берді. Бұл ұят қой?! Сонда аталарымыз әлі күнге дейін ең құрғанда бір бата білмей ме? Келесі байқауларда осының барлығын қатаң ескеру керек. Батагөйлер сайысында эстрадалық музыкалардың не керегі бар. Қайда біздің термеміз?! Домбырамен ән айтылса бүгінгі байқаудың үйлесімі арта түсер еді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу