ТҮЛЕКТЕР ТҮЛЕП ҰШТЫ МЕКТЕБІНЕН
Бүгін кезекті оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау үні сыңғыр қақты. Орал қаласы бойынша биыл орта мектептерді 1797 түлек аяқтауда. М.Ықсанов атындағы №36 орта мектепте өткен соңғы қоңырау салтанатына қала әкімі Мұрат Мұқаев қатысып, білім нәрімен сусындатқан алтын ұяларынан ұшқалы тұрған түлектерге сәт сапар тіледі.

– Бүгінгі күн әр жас түлектің есінде ерекше есте қалатын, жүректі толқытар қуаныш пен қимастық сезімге толы күн. 11 жыл білім алған мектеппен, аяулы ұстаздарыңызбен қоштасар сәт те таяу. Білім сынынан сүрінбей өтіп, қалаған оқу орнына түсулеріңе тілектеспін. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауларында ХХІ ғасырдағы үрдістерден қалыс қалмай, бәсекелге қабілетті болуымыз керектігін айтып, осы орайда білім саласын дамытуға көңіл бөліп келеді. Осындай қолдаудың арқасында қаламыздағы білім беру жүйесінде де ілгерілеу бар. Цифрландыру бағдарламасы аясында жаңа жобалар қолға алынды. Білім ұяларының материалдық-техникалық базасы нығаюда. Өткен жылы «Сарытау» шағынауданында 900 орындық жаңа мектеп тапсырылды. Дегенмен, жыл санап қала мектептеріндегі оқушы саны 4-5 мыңға артып отыр. Осы ретте биыл тағы екі мектептің құрылысын жоспарладық. Үш ауысымда оқытатын, апатты жағдайдағы білім ошақтарының мәселесін шешу де біздің алға қойған жұмыс жоспарымызда бар, – деген Мұрат Рахметұлы Мемлекет және қоғам қайраткерінің есімін иеленген №36 орта мектептің кезекті оқу жылын табысты аяқтағанын атап, білім сапасының жоғары деңгейде ұстап отырған мектеп ұжымына алғысын білдірді.
2018-2019 оқу жылын мектеп 542 оқушымен аяқтауда. Олардың 28-і биылғы жылдың түлектері. Мектеп директоры Әзима Ғұбашеваның айтуынша, биылғы білім сапасының көрсеткіші – 60,9 пайыз. Халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі пәндік олимпиада, ғылыми жоба, байқау, спорт сайыстары бойынша оқушылар 445 жүлделі орынды иемденген. Өз ісіне деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті ұштастыра білген ұстаздардың сапалық құрамы – 67,3 пайыз. 20 шақты ұстаз Кембридж сертификатының иегері. 2015-2019 жылдар аралығында жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау бойынша республиканың 30 пилоттық мектебінің бірі ретінде білім ұясы орасан зор қызметті атқарып, биыл ауқымды жұмысты қорытындылады.
Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін мектеп ұстаздары Гаухар Абылайқызы, Раушан Тыныштыбайқызы және Әсел Қарасайқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ оқу жылының қорытындысы бойынша физика-информатика пәні мұғалімі Алмагүл Көпжасарова – «Жыл мұғалімі», мектептің биылғы түлегі Сәкен Махамбетов – «Жыл оқушысы» аталымы салтанатты түрде табысталды.
Мектеп түлектерінің ұстаздары Салтанат Қадресова мен ата-аналар атынан сөз алған Асылзада Кәрімова балаларға ақжарма тілектерін арнап, өмір жолдарының жарқын болуларын тілесе, мектеп түлегі Азат Қадыр саналарына сауаттылық сәулесін түсіріп, көкейлеріне тәрбие дарытқан білім ордасына, ұстаздарына сыныптастары атынан алғыстарын айтты. Сондай-ақ түлектер ризашылықтарын әнмен жеткізіп, «Мектеп вальсінің» ырғағында тербелді.






Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу