БАТЫР ҚЫЗДЫҢ МЕКТЕБІНЕН 46 ТҮЛЕК ҚАНАТ ҚАҚТЫ
Бүгін еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған мектептің жас түлектері алтын ұясымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын күн. Көңілдерде қимастық сезімі ұялап, тарыдай болып аттаған табалдырықтан көкке қанат жайған соңғы қоңырау үні қаладағы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінде де сыңғырлап, 46 түлек алтын ұясымен қоштасты. «Қыран қанатты ұрпақпыз, қияға қанат самғаған!» тақырыбындағы салтанатты рәсім дәстүрге сай, әуелі Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталды. 23 жылда мыңдаған түлектерді қанаттандырған білім ұясындағы сыңғыр қаққан үміттің қоңырауына қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ортақтасты.

Мектеп-лицей директоры Шынар Сағынғалиеваның мәлімдеуінше, білім қарашаңырағы ағымдағы оқу жылын сәтті жетістіктермен аяқтап отыр. 14 сыныптағы, яғни 310 оқушының 32-сі оқу озаты, 222 оқушы оқу екпіндісі. Биылғы оқу жылының қорытындысында білім сапасы 81,9 пайызды көрсеткен. 46 түлек жылы ұядан қанат қақса, оның біреуі Алтын белгіге, екеуі Үздік аттестатқа үміткер. Ал 9-сыныптардан бес оқушы Үздік аттестатқа үміткер. Дарынды да талантты шәкірттер мектеп намысын жоғары көтеріп келеді. Білімдері мен біліктерін республикалық пәндік олимпиадада, ғылыми жобалар байқауында дәлелдеп жүр. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиадада Жансая Әлиева күміс медаль иеленсе, осы пәндерден Жәлміш Үмбетқалиев республикалық додада үшінші орын алған. Биология пәнінен ғылыми жобаның алтын медаль иегері Назгүл Қажалаева және түрлі олимпиада жүлдегерлері мектеп абыройын асқақтатуда. Оқушылардың білімі мен дарынын дамытқан ұстаздардың да еңбегі өлшеусіз. Осы орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты шебер ұстазы, «Өлкетану» оқулығының авторы, Білім беру ісінің үздігі Гүлжиһан Тасқаринаны ерекше атауға болады. Сондай-ақ Ақмарал Баймулдина, Шынар Қаратаева, Гүлнәр Шуланбаева, Эльмира Бисенғалиева, Нұрсұлу Қиясова, Самал Төлегенова, тағы басқа ұстаздар шәкірттерінің шыңға өрлеуі жолында аянбай тер төгіп келеді. Мектеп облыстық үздік тәрбие жұмысы нәтижесінде бірінші орын алып, жаңашылдығымен таң қалдырған. Оқушылардың үздіктер қатарынан көрінуіне мектеп директоры, облыстық «Табысты менеджер – 2019» атағының иегері Шынар Октябрқызының да еңбегі зор.
Шара барысында қала әкімінің орынбасары Бақытжан Қаберұлы мектеп бітірушілерге жылы лебізін білдіріп: – Бүгін дәстүрлі түрде бәріміз асыға күтетін 25 мамыр – соңғы қоңырау күнімен баршаңызды құттықтаймын. Түлектеріміз үлкен өмірге жол ашқалы тұр. Сіздер шаһардағы іргетасы 19 ғасырда қаланған тарихи ғимаратта орналасқан, бәріміз мақтан тұтатын білім ұясының түлегісіздер. Бұл 1996 жылдан бері қаламызда жұмыс атқарып келе жатқан мектеп. Білім ұясының тағы бір ерекшелігі, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың атын иеленген. Бұл ғимаратта Жұбан Молдағалиев білім алған. Өмірлеріңізге тек сәттілік тілейміз. Осы мектепте жинақтаған білімдеріңіз, алған тәрбиелеріңіз игіліктеріңізге жарасын. Елбасымыз, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әр Жолдауында әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөліп келді. Сондықтан қаладағы 51 мектептегі сапалы біліммен біз мақтанамыз, – деді.
Салтанатты шарада мектептің озат оқушылары марапатталды. Ал ата-аналар қамқорлық кеңесі төрайымының орынбасары Бибігүл Жұмағазиева дарынды оқушыларға ынталандыру сертификаттарын тапсырды. Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары атынан сөз алған Ботагөз Тасименова мектеп ұжымына алғысын білдіріп, түлектерге сәт-сапар тіледі. Мектеп түлегі, түрлі додалардың жеңімпазы Жансая Әлиева дарындылықтың белгісі саналатын ақылды үкіні талантты ізбасары Жәлміш Үмбетқалиевке табыстады. Шараның ең әсерлі сәті түлектердің мектебімен қоштасуы болды. Алтын ұямен қоштасар сәт таяп, кешегі тұлымды ұл ат жалын тартып, азамат болғанын, тұлымшақты қыз бойжеткенін бүгін ғана сезінгендей, көңілдері толқып, жүректері лүпілдеп тұрғанын аңғару қиын емес. 11 жыл бойғы білім таразысынан тек білімдерін ғана емес, сүйікті мектебіне деген сезімдерін де өткеріп тұрды. Анасындай қымбат ұстаздарына бас иіп, армандарын ақ көгершінмен бірге көкке ұшырды, жас түлектер.







Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу