ОРАЛДА МЕРЕКЕЛІК ЖАРТЫЛАЙ МАРАФОН ӨТТІ
Бүгін Орал қаласында «Отан қорғаушылар күні» және «Жеңіс күні» мерекесіне арналған көктемгі жартылай марафон өтті. Мерекелік марафонға 1 мыңдай қала тұрғыны жиналды. Сондай-ақ көршілес облыстардан, аудандардан арнайы келген марафоншылар да шараға қатысты.
Мерекелік марафон қалалық мәдениет және демалыс саябағының оң жағалауында ұйымдастырылды. Жүгіруге қатысушылар 5, 10, 21 шақырымдық қашықтық бойынша сайысты. Облыс әкімі Алтай Көлгінов пен қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов те жартылай марафонға қатысып, белсенділік танытты.
– Біз батырларымызды ұмытпауымыз керек. Өткен жылдардағы қателіктер қайталанбауы үшін ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмауы, аға ұрпаққа құрмет болуы тиіс. Қазір бейбіт аспан астында, татулық пен келісімде өмір сүрудеміз. Елбасының формуласы осы – тұрақтылықпен алға қарай ұмтылу, – деген облыс басшысы Алтай Сейдірұлы облыс тұрғындарына жағымды жаңалықты жеткізді. – Өңірдегі 12 ауданның төртеуінде ғана спорт кешені бар, қалған сегізінде жоқ. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдауында болғанымда осы мәселе айтылды. Президенттің тапсырмасымен және қолдауымен әр аудан орталықтарында биыл спорт кешендері салынатын болады. Ол үшін қажетті қаржы бөлінді. Облыс орталығанан 600 шақырым қашықтықтағы Бөкей Ордасы ауданынан бастап, барлық ауданда спорт кешені салынады. Сонымен қатар 300 орындық интернатымен бірге салынып жатқан спорт колледждің құрылысы биыл аяқталып, күзде тапсырылады, – деді Алтай Сейдірұлы.
5 шақырымдық қашықтықтағы жартылай марафон бойынша ерлер арасында алғаш болып мәреге 19 минут 30 секундта Мәди Аманғалиев жетті. Екінші орынды 19.54 минуттық көрсеткішпен Азамат Қылыш иеленді. Үздіктер үштігін 21 минуттық көрсеткішпен мәреге жеткен Самат Аманшин түйіндеді.

Ал әйелдер мен қыздар арасында 12 жасар Наталья Панова – бірінші орынды алды.
– Январцев мектебінде оқимын. Спортпен айналысқанды жақсы көремін. Ауылымызда арнайы дайындалатын спорт кешені жоқ. Бірақ, біз тоғайдың ішімен, су жағасында жаттығамыз, – дейді Наталья.
10 шақырымдық жартылай марафонда бірінші орынды 37 минуттық уақытпен Ғамзат Шабдан, екінші орынды 38 минут 57 секундта мәреге келген Оралбек Құттығалиев, үшінші орынды 39,02 минутта мәрден көрінген Нұркен Қасымов алды. Қыздар арасында Аяулы Сисемалиева, Алтынай Нұғманова, Дарья Черноярова жүлделі орындардан көрінді.
21 шақырымдық қашықтықта Атыраудан келіп, марафонға қатысқан Айдын Шалқар үздік көрсеткіш көрсетті. Оның нәтижесі – 1 сағат 22 минут 53 секунд. Алмаз Мирғалиев 1 сағат 37 минут 09 секундта мәреге жетіп, екінші орын алды. Одан 1 секундтан кейін мәреге келген Арман Есенғазиев үшінші орын алды. Қыздар арасында 1 сағат 51 минут 09 секундтық көрсеткішпен Ләззат Төлепберген – бірінші, 1 сағат 55 минут 56 секундтық нәтижемен Анастасия Вавилина – екінші, 1 сағат 58 минут 12 секундта мәреге келген Әсел Мырзахметова – үшінші орын иеленді.



Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу