ҰОС АРДАГЕРІ ЖҰМАШ ҚАЗИМОВҚА ЕСКЕРТКІШ-ТАҚТА АШЫЛДЫ
Ертең, 5 мамыр күні ҰОС және еңбек ардагері, көрнекті қоғам қайраткері, өңір дамуына елеулі үлес қосқан Жұмаш Көбенғалиұлы Қазимовке 100 жыл толады. Бүгін қаладағы Қасым Аманжолов көшесі, 116 мекенжайында ҰОС және еңбек ардагері Жұмаш Көбенғалиұлына ескерткіш-тақта ашылып, адалдықтың, адамдықтың үлгісі, бүгінгі ұрпаққа өшпес өнегелі ісін жалғаған майдангердің рухына жерлестері тағзым етті.

Салтанатты шараға жиналған қауымның қарасы мол болды. Жұмаш Казимов 1919 жылы 5 мамыр күні бұрынғы Орал облысының Жымпиты ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1937 жылы 109 жылқы зауыты комсомол комитетінің хатшысы болып бастап, кейін аудандық комсомол комитетінде жұмыс атқарған. Кеңес Армиясы қатарына 1939 жылы шақырылған. 1939-1940 жылдары қысқы соғысқа қатысып, сол соғыста жарақат алады. 1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысында жаумен шайқасады. 1946 жылы Гдань қаласында жарақат алып, госпитальда ем алған. «Ленин», «Құрмет белгісі» еңбек қызыл ту ордендерімен марапатталған. Ел басына күн туған сәтте Отан қорғау үшін қан майданға абыроймен аттанған Қабдеш Темірбайұлы небәрі 23 жасында рота командирі болған. Елге оралған соң Шыңғырлау, Фурман, Қазталов аудандарының бірінші хатшысы қызметтерін атқарады. Бейбітшілік орнаған кезде Ленин орденімен, «Еңбек Қызыл ту», «Құрмет» белгісімен марапатталған. 1989 жылы 23 желтоқсанда Жұмаш Көбенғалиұлы дүниеден озады. Оның құрметіне Шыңғырлау ауданының орталығындағы көше есімімен аталып, ескерткіш тақта орнатылған.
Мемориалдық тақтаны Орал қаласының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Жайсаң Ақбай мен Жұмаш Қазимовтың ұлы Серік Қазимов ашты.
– Жұмекеңнің өмірден өткеніне 30 жыл болды. Біз оны жақсы білетін, тәрбиесін алған, жоқтайтын жандармыз. Ол – текті адам. 4 жасында білім алды, әріп таныды. Діндар, кітапханасы бай болды. Мектепке келгенде сауатына ұстаздары таң қалған. Екі соғысты бастан кешірді. Өмірден өткенде Жұмекеңнің бойында 16 оқ кетті. Оның ұстамдылығы, ақылдылығы, адалдығы бәрімізге үлгі еді. Тарихымызды зерделеу мәселесімен он жылдай айналысты. Өзі арамызда болмағанымен, рухы бізбен бірге. Артында қалған ұрпағы аман болсын, – деген еңбек ардагері Жайсаң Ақбай майдангер туралы жылы естеліктерімен бөлісті. Бұдан соң еңбек ардагерлері Роза Көжекова, Роберт Ғалиев, Жұмаш Қазимовтың жиені Ерден Құсайын сөз алып, еңбек ардагерінің өнегелі өмір жолынан сыр шертті. Халық қаһарманының ерлік-даңқы ешқашан ұмытылмақ емес. «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес», – деп Абай айтпақшы, Жұмаш Көбергенұлының есімі қазақ елінің тарихында алтын әріптермен жазылып қалары сөзсіз.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу