ОРАЛДА ҚЫЗ БАЛА БЕСІНШІ ҚАБАТТАН СЕКІРМЕК БОЛДЫ
Оралдық полицейлер шатырдан секірмек болған қызды құтқарды.

Оқиға 3 мамыр күні кешкі 21.00 шамасында болған. Полиция аға лейтенанты Нұрболат Смағұл мен полиция лейтенанты Нұржан Ғұмыров өздеріне бекітілген аумақта кезекшілікте жүріп, рация арқылы Еуразия көшесі 54 мекенжайы бойынша қыз баланың шатырға шығып кеткені туралы хабар алады.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына келген полицейлер бес қабатты үйдің шатырына шығады. Қыз шатырдың шетінде отырғандықтан, кез келген сәтте секіріп кетуі мүмкін еді. Әрі жаңбырдан кейін шатыр дымқыл болатын. Полицейлердің өздерінің де тайып кету қаупі болды. Бірақ, полицейлердің құтқарушылар бригадасын күтуге уақыты да болмады.
Алғаш болып шатырға көтерілген Нұрболат Смағұл қызды алаңдатпақ болып, сөзге тартады. Бірақ, қыз кері жауап қатпаған. Сөйлесуді жалғастыра түсіп, Нұрболат оған жақындай барып, қолынан ұстап, әріптесі Нұржанмен бірге төменге түсірді.
Суицидқа оқталу фактісін Қылмыстық Кодекстің 105 бабаы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізіміне енгізілген. Орал қаласы Полиция басқармасының Абай бөлімшесі қызметкерлері тиісті тергеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін құтқарылған қыз баланы туыстары алып кетті.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу