8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Сәуір 2019 2596 0
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ БОЛУҒА ҚАНША АДАМ ҮМІТКЕР?

2019 жылғы 28 сәуірде ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну кезеңінің қорытындысын шығарды.
«Заңнамада белгіленген құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына 9 республикалық қоғамдық бірлестік, оның ішінде төрт саяси партия ұсынды. Түгел Сәді-Бек – «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды. Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы – «Nur Otan «партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған. «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы, «Ақ жол «Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің атынан Еспаева Дания Мәдиқызы,»Ауыл «халықтық – демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінен Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы, «Біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінен Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы, «Қазақстан құрылысшылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің атынан Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы, «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен Әлиев Жұматай ұсынылды». «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес, Президенттігкке кандидатура ұсыну үшін Орталық сайлау комиссиясына мыналарды ұсыну қажет болды: 1) республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының кандидатты ұсыну жөнiндегi отырысының хаттамасынан үзiндi; 2) кандидаттың Орталық сайлау комиссиясының 10 сәуірдегі № 10/233 қаулысымен бекітілген нысан бойынша жүргізуге келісім беру туралы өтініші; 3) кандидат сайлау жарнасын заңмен белгіленген ең төменгі жалақының елу есе мөлшерінде немесе 2,125,000 теңгені енгізгенін растайтын құжат. Орталық сайлау комиссиясымен сәйкестігі анықталған төрт кандидат қазіргі уақытта өз қолдауына қолдарын жинайды. 12 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 118 140 қол жиналуы қажет. Басқа кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі алдағы күндері анықталады. Қол жинаудан басқа кандидаттар қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 12/236 нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірлескен бұйрығына сәйкес денсаулық жағдайын медициналық куәландырудан өте алады, сондай-ақ зайыбымен немесе жұбайымен бірге тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға міндетті. Кандидаттарды тіркеу кезеңі биылғы 11 мамырдың сағат 18.00-іне дейін жалғасады.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
62 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
223 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
274 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
446 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»