РЕЖИССЕРЛЕР ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАДЫ
18-22 сәуір аралығында Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының кіші залында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен халықтық театр және көпшілік шаралардың режиссерлеріне арналған «Кеңістік. Режиссура. Қолтаңба» аймақтық шеберлік сағаты оздырылды.

Облыс аудандары мен қаладан 24 режиссер қатысты. Шеберлік сағатына арнайы Алматы қаласы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы режиссері Дина Жұмабай қатысып, «Қазіргі театрдағы классика жанры», «Қазіргі театр режиссурасы», «Станиславскийден Мейерхольдқа дейін» тақырыбында дәрістер өткізіп, тәжірибе алмасты. Ал Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және мәдениет факультеті, «Өнер» кафедрасының оқытушысы, Шымкент қаласы әзіл-сықақ және сатира театрының қоюшы режиссері Самат Алтаев «Бұқаралық іс-шара ұйымдастырудағы режиссерлік интерпретация», «Қоғамдық маңызды ресми мерекелерді ұйымдастыру», «Ұлттық және дәстүрлі шаралар, заманауи шаралар», «Көпшілік мәдени тынығу жұмыстарындағы режиссерлік ұстаным, этика, қолтаңба», «Мемлекеттік ресми мерекелерді ұйымдастырудағы режиссерлік көзқарас» тақырыбында пікірталас, тренингтер жүргізді.
Шеберлік сағаты режиссерлер үшін даму, шығармашылық тәжірибе алмасу алаңына айналды. Кәсіби біліктілік, шеберліктерін шыңдап және заман талабына сай өзін-өзі дамыту форматын жаңартты. Шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу