Жеке меншік клиникаларда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі қызметін қалай алуға болады?
Қазақстанда әр азамат тегін медициалық көмек ала алады. Ол тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі деп аталады (ТМКК). 2018 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры клиникаларда тегін медициналық көмектің кепілдік берілетін көлемі қызметінің операторы болып таблады.

БҚО бойынша филиал 2019 жылы 51 медициналық ұйыммен, соның ішінде 15 жеке клиникамен 32,9 млрд. теңге сомасына шарт жасасты. ҚР азаматтарына және оралмандарға бюджет қаражаттары есебінен ұсынылады және оған алдын алу, диагностика және тиімділігі көптеп дәлелденген емдік медициналық қызметтер кіреді. Жеткізушілерді таңдау ҚР денсаулық сақтау Министрінің №591 бұйрығы негізінде жүргізіледі.
ТМККК республикалық бюджеттен қаражат бөлу арқылы қаржыландырылады. Тарифтер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінде белгіленеді.
Келесі сұрақ: ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді жеке клиникаларда қалай алуға болады?
Ең алдымен, жеке медициналық клиника әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының деректер базасына тіркелуі тиіс, бұл дегеніңіз, жеке клиниканың «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» ҮЕАҚ-мен шартқа тұруы қажет деген сөз. Екіншіден, сіз міндетті түрде осы жеке медициналық клиникаға тіркеліп тұруыңыз қажет. Батыс Қазақстан облысында 23 медициналық клиника алғашқы медициналық-санитарлық көмекті көрсетеді, солардың ішінде 2 жеке клиника да бар – олар: «Медицинский центр» ЖШС-і және «Медикер» ЖШС.
Тағы да естеріңізге салып өтейік, тіркелу науқаны жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өткізіледі, науқан кезінде тұрғындар «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» ҮЕАҚ-мен шартқа тұрған кез келген ұйымға БМСК (емханаларға) тіркеле алады. Сондай-ақ емхананы келесі себептерге байланысты ауыстыруға да болады:
- көшкен кезде;
- егер сіздің емханада өзгерістер орын алған жағдайда: ол жабылып қалса, қызметтерді көрсетуді тоқтатқан кезде, ұйым қайта құрылған, медициналық сақтандыру Қорымен шартт ұзартпаған кезде немесе басқа себептермен шарттан айырып қалған жағдайда;
- Сіз көптен бері (мүмкін ешқашан) емхананы ауыстырмаған боларсыз, ал қазіргі емхана ұнамайтын болса. Сіздің жылына 1 рет қызмет көрсету орнын ауыстыруға құқыңыз бар;
- Егер сіздің үйдің қасынан жаңа емхана ашылса және ол Қордың жеткізушілерінің тізіміне енген болса, емхананы ауыстыруға болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу