Шолпан ҚЫДЫРНИЯЗОВА: «ҚАРАТӨБЕНІҢ ҚАСИЕТІНЕН ҚОРҚАМЫН»
«Үйреттің тік жүруді шашақтанбай,
Баққа да, бақытқа да масаттанбай.
Туған жер мен өзіңнен қуат алам
Болдырған атқа құйрық асатқандай».
Осылай деп жыр жазып, киелі Қаратөбесі десе жүрегін жұлып беруге дайын, Шоқан ағама қайнатып қою күрең шәйін, ақыл-кеңесін беретін елге әрдайым, өнердің түсінетін салмағын, шуаққа бөлейтін жан-жағын Шолпан Қыдырниязова анамыз, әжеміз, жеңгеміз, әпкеміз, ақынымыз мерейлі 70 жасқа жарқырап жетіп отыр. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы», дәстүрлі айтыс өнерінің ақберені Шолпан Батырқызына желпініп жеткен жетпістің Сізге сыйлар жетістігі көп болсын дей келіп, арамызда өрбіген сыр-сұқбатты оқырман қауыммен бөлісуге асыққан едік.

…– Шолпан апа, тәрбие мәселесі жөнінде, ұлттық құндылықтар жайлы әлеуметтік желілерде көкейтесті мәселелер қозғап едіңіз. Кітап болып қашан шығады?
– «Анадан – ақыл, әжеден – әдеп» деген тақырыпта кеңейтілген түрімен баспадан жарық көргелі жатыр. Бұйыртса, алдағы 4 мамыр күні тұсауы кесіледі. Мұны не үшін жаздым? Ақылым асып-тасығаннан емес. Осы жасыма дейін көп кітап та жазған жоқпын. Тұңғыш «Жазира» атты өлеңдер жинағым 1982 жылы «Жазушы» баспасынан шықты. «Елігі еркін даланың», «Қаратөбем қасиетті құшағың…»,«Қос қанат» деген жыр жинақтарым бар. Бұларға өлеңдерім мен айтыстарым енді. Қазақ поэзиясына үлес қосайын, керемет деңгейлі ақын болайын деген оймен өлең жазған емеспін. Өлеңді өзіммен сырласу үшін жазамын. Өлеңім – менің сырым, болмысым, тура табиғатым. Ешуақытта біреулерден басым болайын деген мақсатқа ұмтылмаймын. Мен халқыммен біргемін. Қазақстанның, қоғамның мүшесімін. Жаман мінезім – мені мақта, мен туралы айтшы деген жандарды ұнатпаймын, жалпылдағандарға жыным келеді. Жаңа өзің естідің ғой. (Сұқбат барысында апайдың телефонына біреулер қоңырау шалып, бір жиында алғысөз айтуын өтінді. Бірақ та ақын бас тартты.) Тапсырыспен сөз сөйлеп, тапсырыспен мақала жазған емеспін. Өз ісімнің, өз пікірімнің иесімін. Өз-өзіме ғана жауап беремін.
– Ал қазір өлең-жырмен сырласып жүрсіз бе?
– Жоқ. Ештеңе жазып жүрген жоқпын. Керемет өлең шумақтары түнде ұйықтап жатқанда келеді. Кейде қағазға түсіріп, кейде түсіре алмай қаламын. Мінезім Қаратөбеге тартқан.
«Мінезім бар ыссы құмдай қызбалы.
Ал қызбалық, жараспайды қызға анық.
«Қаратөбең жаман» десе қамығып,
«Жақсы» десе қалам тағы қызғанып» – деген жыр шумақтарым бар. Менің ең осал жерім – Қаратөбені жаман деген адаммен пікір таластырамын. «Құдайдан қорқам, Қаратөбенің қасиетінен қорқам» деп те жазғанмын. Қаратөбемді қатты жақсы көремін. Мүмкін менің бақытты қыз, бақытты әйел, бақытты ана, бақытты әже атануым, бақытты болып өмір сүріп жүргенім туған жерімнің қасиеті шығар.
Сұқбатты толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 18 сәуір күнгі №15 санынан оқи аласыздар.
Сұқбаттасқан Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу