СТУДЕНТТЕР 200 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ПАРА БЕРГЕН
Сауалнамаға қатысқан батысқазақстандық студенттер оқу процесі барысында жемқорлыққа тап болғандарын, өздерінің пара бергендерін жасырмай көрсеткен. 2034 студенттің қатысуымен өткен сауалнама қорытындысын бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментінің басшысы Болат Исақов мәлім етті.

«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында батысқазақстандық арнайы мониторингтік топ мүшелерінің белсенді қатысуымен жоғары оқу орындары мен колледждердегі жемқорлық деңгейі сауалнама жүргізу арқылы зерделенді. Анонимді түрде өткен сауалнамаға Оралдағы төрт жоғары оқу орны мен 19 колледжден 2034 студент қатысқан.
Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, респонденттердің 67,4%-ы өздері оқитын оқу орнында жүргізіліп жатқан жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы біледі. Жекелей алғанда БҚАТУ, БҚМУ және ҚАЗИИТУ студенттерінің 70-тен 80 пайызға дейіні жемқорлыққа қарсы іс-шаралардан хабардар.
– Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да оқушылар және жастар бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Саналы Ұрпақ» фронт-офисі жұмыс жасайды. Дегенмен, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың 7,3% жауап берушілері мен ҚАЗИИТУ 1,9%-ы пара бергенін көрсеткен. Пара мөлшері 5 мың теңгеге дейінгі сомадан басталып, 200 мың теңгеге дейін жеткен. БҚМУ бойынша пара мөлшері 1000 теңге және бұйым деп көрсетілген,– деді Болат Исақов.
Барлық ЖОО-на тән жемқорлық жағдайлары – рейтинг, сынақ, емтихан тапсыру кездері, дипломдық жұмысты қорғау, гранттар мен жеңілдіктерді бөлу, диплом «сату», диссертация, жоба қорғау кезінде орын алады. Бұған қоса, ҚАЗИИТУ мен БҚИТУ студенттері жатақханаларда орындарды бөлуде және бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу жағдайларын көрсеткен.

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж респонденттерінің 16,6 пайызы, Құрманғазы атындағы музыкалық колледжден мен 14,4 пайызы оқуға түсерде, Жоғары техникалық колледж 23 және педагогикалық колледждің 26 пайыз респонденттері оқу процесі барысында жемқорлыққа тап болғанын жасырмаған. Оқуға түсерде музыкалық колледж студенттері 150 мың теңге көлемінде, ал «Еуразия» колледжіне 20 мың теңге пара берілгенін көрсетіп отыр. «Мақсат» медициналық колледжі бойынша химия, дене шынықтыру және отолорингология пәндері жемқорлықпен байланысты делінген.
Болат Әлмұханұлының сөзінше, БҚМУ-дан – 2,3%, БҚИТУ-дан – 8,2%, ал колледждерден 6,7%-ының туындаған мәселелерді шешу үшін өздерінің пара беруге дайын екендігі, жоғары оқу орындарының 15,3 пайызы және колледждердің 27,7 пайыз репонденттері өздері оқитын оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы білмеуі алаңдатарлық. Ең жоғары көрстекіш БҚИТУ-да. Яғни, қамтылған студенттердің 35,2 пайызы университеттегі шаралар туралы хабарсыз. Алынып жатырған шаралардың тиімсіздігін студенттердің 10 пайызы көрсетіп отыр.
Студентердің бірқатары жоғары білім беру жүйесіндегі жемқорлықты жою мүмкін емес деп есептейді. Өзі оқитын оқу орнында жемқорлық жағдайын қалыпты жағдай санайтындар да бар. Жауап берген студенттердің жартысы студенттердің өздері оқығысы келмегендіктен, пара беретінін айтқан.
Сондай-ақ студенттер оқу орындарында жемқорлық деңгейін төмендету үшін оқытушының жалғыз емтихан қабылдауын болдырмай, комиссияның қатысуымен ғана жүргізуді, компьютерлік тестілеу түрінде емтихан қабылдауды және оқытушылардың еңбекақысын ұлғайтуды ұсынған.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу