8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Сәуір 2019 2165 0
Жалын

ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ ИМАМДАР НАЗАРЫНДА

Жастар жылы аясында Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінің имамы М.Әбдірахмановтың бастамасымен жастармен жүргізілетін шараларға басымдық берілуде. Мешіт имамдары жастар өкілдерімен жиі бас қосып, елдегі бірлік пен ынтымақтың берік болуына, жастардың тәрбиесіне көңіл бөліп жүр.  

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өткен «Жастар және жастардың рухани келбеті» тақырыбындағы бірлескен идеологиялық бағыттағы шараға Тәжиден Батырұлы атындағы қалалық мешіттің наиб имамдары Н.Убаев пен М.Мұханғалиев қатысып, ашық сұхбат алаңын құрды. Кездесу барысында жастардың рухани келбеті, тәрбиенің маңыздылығы мен имандылық тақырыптары кеңінен қозғалды. Жиынды қорытындылаған Наурыз Убаев жстарымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрді ұдайы жадында сақтап, оны құрмет тұтып қадірлеуі, өз туыстары мен отандастарына ілтипат көрсетуі үшін кез-келген қоғамда адамгершілік құндылықтар бірінші орында тұруға тиіс екенін атап өтті. Дәстүрлі ислам дініндегі ата-дәстүрімізбен ұштасып жатқан адамгершілік құндылықтар туралы айта келіп, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, ұят сынды ең маңызды қасиеттерді  сипаттап берді.

Ал өткен сенбі жастар жылын негізге ала отырып татулықты насихаттау, бірлік пен бауырластықты күшейту мақсатында мешітте сауат ашу курсында дәріс алып жүрген шәкірттер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
190 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
236 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
416 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
404 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»