8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Сәуір 2019 1992 0
Өзек

ТИІСТІ ҚҰЖАТТАРСЫЗ БАЛЫҚ ТАСЫМАЛДАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

«Бекіре – 2019» іс-шарасы аясында батысқазақстандық полиция қызметкерлері бір күн ішінде тиісті құжаттарсыз балық тасымалдаудың үш фактісін анықтады. 

11 сәуір күні таңғы сағат 6.00 шамасында «Атырау-Орал» автожолының  «Көшім» бекетінен «Seat Alhambra» маркілі автокөлігі тоқтатылып, тексеру кезінде көліктен 512 келі балық табылған. Көлік тізгініндегі 1992 жылғы Ақжайық ауданы тұрғынының бұл балықтарға ешқандай ілеспе құжаттары болмаған.

Сағат 11.05 шамасында «Орал-Подстепный» автожолының «Рубеж» стационарлық бекетінде полиция қызметкерлері «Газель» көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік жүргізушісі 1964 жылғы теректілік азаматтың 2 тонна балықты ілеспе құжаттарсыз алып бара жатқаны белгілі болды.

Дәл осы күні сағат 14.25-те «Барбастау-Индер» бағытындағы автокөлік жолының Теректі ауданына қарасты Шағатай ауылы тұсында «Фольксваген Шаран» автокөлігі тоқтатылған. Көліктен ілеспе құжаттарсыз  16 қап, яғни 800 келі әр түрлі балық табылды. Көлікте болған 1192 және 1986  жылғы Ақжайық ауданының екі азаматы ұсталды.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 196-бабы 1-тармағымен (Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Атап өту керек, қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы аумағындағы Жайық-Каспий бассейні аумағында заңсыз балық аулау мен оларды сатудың және заңсыз тасмалдаудың жолы кесу мақсатында «Бекіре-2019» жедел алдын алу шарасы өткізілуде. Шара 31 мамырға дейін жалғасады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»