Қытайдан несие алу: Кешіктірген не төлемеген жағдайда Қазақстан тарапы күніне 46 млн теңге төлейді
ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы ҚХР-дың жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік келісім бойынша Қазақстан Қытайдан жылдық үстемақысы 2%-бен 20 жылға 116 млрд теңге қарыз алады. Егер қарызды төлемей не кешіктірген жағдайда Қазақстан тарапы күніне 46 млн теңге төлейді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың Парламент Сенатының жалпы отырысында баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Динара Нөкетаева Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа сауалын жолдады.
«Несиені кешіктірген немесе төлемеген жағдайда Қазақстанға қандай жауапкершілік жүктеледі?» – деп сұрады ол.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрінің сөзінше қарызды қайтармаған немесе кешіктірген жағдайда стандартты жауапкершілікке тартылады.
«Төлем төлемеген жағдайда әр күніне екі процент өсімпұл қойылады. Алғашқы бес жыл тек қана процентін төлейміз. Сол процентті есептесек, 2% күніне 46 млн теңгені құрайды. Ондай қауіп жоқ. Неге десеңіздер несиені өтеуді республикалық бюджетте қарастырамыз», – деп жауап берді Смайылов.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты ҚР Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы
ҚХР-дың жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік келісімді ратификациялау бойынша заң жобасын мақұлдады.
Еске сала кетсек, Парламент Сенатындағы Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев Қытай үкіметінен 2 млрд 60 млн юань (116 млрд теңге немесе 300 млн доллар) 20 жылға 2% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алу туралы министрлік ұсынысын баяндаған болатын.
https://baq.kz/news/othernews/qytaydan-nesie-alu-keshiktirgen/
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу