8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Сәуір 2019 2157 0
Қалалықтар қаперіне

ҚАРУ ТАПСЫРСАҢЫЗ, АҚШАСЫ ТӨЛЕНЕДІ

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2019 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында халықта заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығымен бекітілген Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыруы қағидаларына сәйкес жүргізілетін болады.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты сомасы 10-нан 100-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.
Осы мақсатта республика бюджетінен Батыс Қазақстан облысына 3 млн. 036 мың. теңге бөлінген.
Атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің әрбір аумақтық полиция органдарында жүргізілетін болады.
БҚО ПД полиция қызметкерлері жарақат алудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдар және оқ-дәрілермен ешқандай іс-әрекет жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға әрекет жасамауды, тек полицияның кез-келген бөлімшесіне 102 не 112 телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды.
Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылудан босатылады.
Өткізілетін акцияға облыс тұрғындарын белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

БҚО ПД баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
145 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
334 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»