3.5 ТОННА БАЛЫҚ ТӘРКІЛЕНДІ (видео)
Батыс Қазақстан облысында «Бекіре-2019» жедел профилактикалық іс-шара барысында 3,5 тоннаға жуық ұсақ балық түрлері тәркіленді.

Батыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғат қорғау полициясы тобының қызметкерлері «Охотзоопром» қызметкерлерімен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 5 сәуірінде түнгі сағат 02:40 шамасында Чапаев ауылының маңында Атырау-Орал тас жолында тиісті құжаттарсыз 3,5 тонна ұсақ балық түрлерін тасымалдағаны үшін «ГАЗ-53» маркалы автокөлігінің жүргізушісі «А» есімді 1980 жылы туған азаматты ұстады.
Аталған факті бойынша Ақжайық ауданының полиция бөлімі ҚК-нің 196-бабының 1-бөлігі (көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті иемдену немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Қазіргі уақытта балықты қайдан алғаны тексерілуде.
Айта кетейік, «Бекіре-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы Батыс Қазақстан облысының Орал-Каспий бассейні аумағында ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу